Nazarbayev University Түлектер қауымдастығы сіздерді NU Alumni Fest 2026 фестиваліне шақырады. Бұл — Nazarbayev University қауымдастығының түлектерді, студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді және серіктестерді біріктіретін ең ірі іс-шарасы.
Биылғы фестиваль NU қауымдастығының 15 жылдығына арналады. Іс-шара әртүрлі буын түлектерін, түрлі сала өкілдерін және әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген NU түлектерін бір алаңда тоғыстырады.
Қонақтарды нетворкинг алаңдары, отбасылық демалыс аймақтары, түлектердің бизнес-жобалары, интерактивті белсенділіктер, сондай-ақ студенттер мен түлектердің музыкалық және шығармашылық өнер көрсетулері күтеді. Кештің арнайы қонағы әрі хедлайнері — ALEM.
NU түлектерінің жетістіктерін атап өтіп, ортақ құндылықтарымызды дәріптеу және қауымдастық байланыстарын нығайту үшін бізге қосылыңыз.
