NU Үлкен тілдік моделді Times Higher Education самитінде ұсынады

Information about the organizer:

Біздің құрметті спикерлеріміз – Назарбаев Университетінің президенті, профессор Вакар Ахмад және Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының директоры, профессор Атакан Варол «Қазақстанның үлкен тілдік моделі: академиялық зерттеулерді нақты шешімдерге айналдыру» атты сессияны Times Higher Education Asia Universities Summit 2025 саммитінде өткізеді. Іс-шара 22-24 сәуірде Макаода өтеді.

Бұл талқылауда келесі мәселелер қарастырылады:

  • Инновациялар мен жергілікті контекст арасындағы тепе-теңдік – университеттер тілді және мәдени әртүрлілікті ескеретін ЖИ модельдерін қалай жасай алады?
  • ЖИ саласындағы сараптаманы дамыту – жоғары білім беру жүйесі ЖИ дағдыларын қалыптастырып, зерттеу экожүйесін дамыту үшін қандай стратегияларды қолдана алады?
  • Ынтымақтастық желілерін кеңейту – академия, индустрия және үкімет жауапты ЖИ инновацияларын дамыту үшін қалай бірлесіп жұмыс істей алады?
  • Қоғам игілігі үшін ЖИ-ды пайдалану – генеративті ЖИ өңірлік мәселелерді шешуде, тілдік инклюзияны қамтамасыз етуде және мәдени бірегейлікті сақтауда қалай көмектесе алады?

Азияның ғылым, технология және инновация салаларындағы қарқынды дамуы аясында бұл сессия университеттердің ЖИ жетістіктерін басқарып, оны жергілікті және жаһандық қоғамдастықтың игілігі үшін қолдану жолдарын көрсетеді.

Байланыс ақпараты:
madina.alenova@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53