Назарбаев Университетінің планетарлық денсаулық пен экологиялық тұрақты денсаулық сақтау жөніндегі алғашқы халықаралық конференциясы

Information about the organizer:

Назарбаев Университетінің 15 жылдық мерейтойы аясында Планетарлық денсаулық пен экологиялық тұрақты денсаулық сақтау жөніндегі алғашқы халықаралық конференциясы өтеді. Бұл іс-шара климатқа төзімді және экологиялық жауапты денсаулық сақтау жүйелерін құрудың өзекті мәселелерін талқылау үшін халықаралық сарапшыларды, зерттеушілерді және практиктерді біріктіреді.

Конференция медицинаның экологиялық әсерін төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесінің климаттың өзгеруіне бейімделу мүмкіндіктерін нығайтуға, сондай-ақ ұлттық және жаһандық деңгейде тұрақты денсаулық сақтау саясатын дамытуға бағытталған инновациялық тәсілдерге назар аударады.

Төмендегі тақырыптық бағыттар бойынша тезистер қабылданады:

1. Климатқа төзімді денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жүйелері
Тақырыптар: климаттың адам денсаулығына әсері, денсаулық сақтау жүйелерінің бейімделуі, жаңа жұқпалы аурулар, климатқа негізделген саясат, денсаулықтағы теңдік мәселелері.

2. Тұрақты денсаулық сақтау инфрақұрылымы, инновациялар мен технологиялар
«Жасыл» ауруханалар, декарбондау, цифрлық және қашықтан көрсетілетін қызметтер, денсаулық сақтау тұрақтылығын бағалау метрикалары.

3. Планетарлық денсаулық үшін білім беру, көшбасшылық және басқару
Планетарлық денсаулық бойынша білім беру, көшбасшылықты дамыту, мемлекеттік–жекеменшік әріптестік, басқару модельдері және қауымдастықтарды тарту.

Бұл конференция Назарбаев Университетінің тұрақты даму мен планетарлық денсаулықты ілгерілету жөніндегі міндеттемесін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Толығырақ оқу үшін

 

Байланыс ақпараты: qazgreenhealth@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53