
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі (SMG) Alash Energy компаниясының негізін қалаушылардың бірі Аслан Булекбай мырзаның қонақ дәрісіне шақырады.
Мұнай-газ саласындағы 25 жылдан астам халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, Аслан Булекбай күрделі мәселелерді шешу, белгісіздік жағдайында шешім қабылдау және жоғары жауапкершілігі бар жобаларда нәтижеге жеткізетін ойлау жүйесін қалыптастыру жөніндегі практикалық тәжірибесімен бөліседі.
Сіз не үйренесіз:
- Халықаралық мұнай-газ жобаларында мәселелерді шешудің нақты тәжірибесі
- Инженерлер мен басшыларға күрделі сын-қатерлерді еңсеруге көмектесетін негізгі дағдылар мен тәсілдер
- Жаһандық тәжірибені жергілікті инновациялармен және технологиялық дамумен ұштастыруға қатысты мансаптық кеңестер
Күні, уақыты және өтетін орны:
- Күні: 2026 жылғы 29 қаңтар, бейсенбі
- Уақыты: 16:00-17:00
- Өтетін орны: 6-блок, 5-қабат, 6507 аудитория
Дәріс инженерлік мансапқа, қолданбалы R&D жобаларына және энергетика саласындағы инновацияларға қызығушылық танытатын студенттер үшін ерекше пайдалы болады.
