
Құрметті НУ қауымдастығы!
Сіздерді Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және
Өзбекстандағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі, Кристофер Дагган
мырзаның қонақ дәрісіне қатысуға шақырамыз.
Кристофер Дагган (Халықаралық даму зерттеулері және Жер ғылымдары
бойынша бакалавр, Dalhousie университеті, 1999; Мемлекеттік саясат және
басқару саласындағы магистр — халықаралық бағдарлама, Carleton
университеті, 2002) 2002 жылы Канаданың Сыртқы істер және халықаралық
сауда департаментіне қызметке кірісті. Ол Канаданың Құпия кеңесі кеңсесінде
Таяу Шығыс, Африка және климаттың өзгеруі бөлімінің директоры, сондай-ақ
Global Affairs Canada ұйымында Қауіпсіздік және қорғаныс қатынастары
бөлімінің директоры сияқты бірқатар жоғары лауазымдарды атқарды.
Шетелде ол Румыния, Ямайка және Нигерия елдерінде қызмет атқарып,
2019–2021 жылдары Украинадағы НАТО Байланыс кеңсесі директорының
орынбасары болды. Соңғы уақытта Канада Ұлттық қорғаныс департаментінде
Бас директор қызметін атқарды.
Дәріс тақырыбы:
Канада және Орталық Азия: сыртқы саясаттың басымдықтары,
әріптестік және жаһандық өзара іс-қимыл
Дәріс тілі – ағылшын тілі.
Өтетін уақыты: 2026 жылғы 21 қаңтар, сағат 15:00-16:00
Өтетін орны: Кітапхана конференц залы, 5е228 (орындар шектеулі)
Registration link
Киім үлгісі: Бизнес стиль.
Іс-шараға келе алмайтын жағдайда, алдын ала хабарлауыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар бойынша бізге cooperation@nu.edu.kz
электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
