ISSAI Connect

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence
Ulzhan Alibek
+7 (707) 851-4030

Құрметті серіктестер мен әріптестер!

Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) сіздерді 16 шілде күні сағат 10:00-де өтетін ISSAI Connect іс-шарасына шақырады.

ISSAI Connect — институттың соңғы ғылыми зерттеулерімен, жасанды интеллектке негізделген шешімдерімен және стратегиялық бастамаларымен танысуға арналған алаң. Іс-шара барысында ISSAI командасы соңғы жетістіктерін таныстырып, жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып береді және Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен инновацияларды дамыту жөніндегі көзқарасымен бөліседі. Сонымен қатар қатысушылар институт зерттеушілерімен пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, академиялық орта, индустрия, мемлекеттік сектор және БАҚ өкілдерімен кәсіби байланыс орната алады.

Сізді ISSAI Connect іс-шарасында қарсы алуға қуанышты боламыз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53