
Құрметті әріптестер,
Сіздерді Horizon Europe бағдарламасы аясында өтетін Critical Raw Materials (CRM) бойынша воркшопқа қатысуға шақырамыз. Іс-шара ЕО-Қазақстан ынтымақтастығы мен Horizon Europe (HE) бағдарламасы шеңберіндегі қаржыландыру мүмкіндіктеріне арналған.
Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің Ғылым қоры және Еуропалық комиссияның Global Service Facility (GSF).
Воркшопта Critical Raw Materials (CRM) саласындағы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың стратегиялық негіздері таныстырылып, Horizon Europe — Еуропалық Одақтың зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыруға арналған бағдарламасы аясындағы қолжетімді мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар 2026–2027 жылдарға арналған жаңа Horizon Europe Жұмыс бағдарламалары бойынша, әсіресе Cluster 4 бағытына назар аудара отырып, практикалық оқыту жүргізіледі.
Іс-шара CRM саласында жұмыс істейтін Қазақстаннан, сондай-ақ Horizon Europe бағдарламасына қатысушы немесе қауымдастырылған ЕО елдерінен келген 30-ға дейінгі зерттеуші мен инноваторға арналған. Қатысушылар қатарына университеттер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, бизнес құрылымдар, мемлекеттік және жеке сектор өкілдері кіреді.
Ескерту: Орталық Азия елдерінің зерттеушілері мен инноваторлары Horizon Europe жобаларына қатысып, қаржыландыру ала алады.
Аталған іс-шараға қатысу үшін тіркеуден өтуіңізді сұраймыз (сілтеме арқылы)
Басталу уақыты: 20.01.2026, 09:00
Аяқталу уақыты: 20.01.2026, 12:00
Түрі: Шеберлік сағаты
Тілі: Ағылшынша
