Халықаралық ғылыми фотосуреттер байқауына өтінімдер қабылдануда (Қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін)

Зерттеушілер, оқытушылар, студенттер және ғылым саласының мамандары Қазақстандағы Wiki Science Competition (WSC) байқауына қатысуға шақырылады. Бұл – ғылымды оның шынайы үдерісінде көрсетуге бағытталған халықаралық бастама –  зертханаларда, далалық әдістер жағдайында, эксперименттер, бақылаулар және күнделікті ғылыми-зерттеу жұмыстарының фотосуреті болуы мүмкін.

Өз зерттеуіңізді әлемге таныстыру үшін кәсіби камера немесе күрделі жабдық қажет емес. Бір ғана фотосурет, бейнелер топтамасы немесе қысқа видео сіздің жұмысыңыз туралы әсерлі оқиға айтып, ғылымды анағұрлым көрнекі, қолжетімді етіп, басқаларға шабыт бере алады. Бұл конкурс Wikimedia платформасы арқылы өз еңбегіңізді халықаралық деңгейде ұсынудың бірегей мүмкіндігі.

Сонымен қатар, байқауға қатысу арқылы сіз Қазақстанда жүргізілетін ғылыми зерттеулердің жаһандық платформадағы көрінуіне үлес қосасыз, ғылыми білімнің кең аудиторияға қолжетімді болуына және ғылымды танымал етуге ықпал етесіз.

📅 Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін.

Wiki Science Competition екі деңгейде өткізіледі: ұлттық және халықаралық. Әр санаттағы үздік жұмыстар халықаралық финалға жолданып, халықаралық қазылар алқасы тарапынан бағаланып, жалпы жеңімпаздар анықталады.

🏆 7 санат — 7 ақшалай жүлде:

  • Ғылымдағы адамдар
  • Микроскопиялық бейнелер
  • Фотосурет емес медиа
  • Бейнелер топтамасы
  • Жабайы табиғат және табиғат
  • Астрономия
  • Жалпы санат

✨ Жүлделер мен мүмкіндіктер:

  • Әр санаттың жеңімпазы 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдеге ие болады
  • Әр санаттағы үздік жұмыстар халықаралық байқауға жолдама алады
  • Ұлттық жеңімпаздың фотосуреті NU Research Newsletter басылымында жарияланады
  • Іріктелген фото және видео жұмыстар ÓNERGY CREATIVE ART HUB көрмесінде ұсынылады

Қазақстандағы байқаудың ұлттық кезеңі Nazarbayev University Research Administration (NURA) бастамасымен, ÓNERGY Creative Art Hub және DC Lab серіктестігімен, сондай-ақ NU Impact Foundation демеушілігімен өткізіледі. 

Сіздің зерттеуіңіз бен ғылыми жұмысыңызды осы халықаралық байқаудан көрінуне тілектеспіз. 

🔗 Толығырақ ақпарат және қатысу үшін осы сілтемеден өтіңіз:
https://commons.wikimedia.org/wiki/Commons:Wiki_Science_Competition_2025_in_Kazakhstan

🌍 Халықаралық байқау сайты:
https://www.wikisciencecompetition.org/

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53