Біз NURIS резидент компаниясы, «Networks Energy» ЖШС-мен темір жолда инновациялар әзірлеу және енгізу бойынша «HackOnRails» хакатонын іске қосамыз.
Міндет:
Жүктемелерді бөлу алгоритмі (Vehicle Routing Problem) Теміржол кестесін басқару және оңтайландыру жүйесі. Хакатонның барлық егжей-тегжейі және техникалық тапсырма тіркелуден кейін қатысушыларға жіберіледі.
Қатысушылар 2-4 адамнан тұратын топпен немесе жеке түрде тапсырманы орындауға кірісе алады.
Әрине, тапсырыс берушілеріміз үздік шешім үшін 500 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық тағайындап, сондай-ақ «Networks Energy» компаниясында жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынады!
Формат: Онлайн
Күндері: 2024 жылғы 21-25 қазан
ТІРКЕЛІП, ЖЕҢІСКЕ ЖЕТ
Байланыс ақпараты:
aiym.kaldybayeva@nu.edu.kz
