GMK talks: тау-кен металлургия кешеніндегі стартаптар үшін мүмкіндіктер

Information about the organizer:

Құрметті достар, 27 маусым күні сағат 17:00-де «GMK talks: тау-кен металлургия кешеніндегі стартаптар үшін мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік пікірталас өтеді.
Тау-кен саласы Қазақстандағы бәсекеге қабілетті салалардың бірі болып табылады және мемлекеттің көптеген факторларын дамытуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан біз осы бағыттағы эксперттерді өз білімдерін бөлісуге шақырдық.
Пікірталаста стартаптар мен инновациялық енгізулер арқылы тау-кен ісіндегі негізгі мәселелер мен қажеттіліктерді шешу талқыланады.
Спикерлер:

  • Алибек Қатықбаев — Қостанай облысында алтын кен орындарын табысты дамытып келе жатқан Брендт жеке компаниясы бас директорының орынбасары. Үлкен тәжірибесі бар, өйткені ол Қазақстанда алтын өндіру бойынша көшбасшы Қазцинк компаниясында көп уақыт жұмыс істеді.
  • Берік Сағитов — 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Драгмет қауымдастығының экспорттық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің құрылымында қызмет атқарды.
  • Нурлан Джалкибаев — Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарында инновациялық шешімдерді енгізумен айналысатын NURIS корпоративтік акселерациясының аға менеджері.

Орналасқан жері: Назарбаев Университеті, С3 блок, 1010 аудитория.
Қатысу тегін, cілтеме арқылы тіркеліңіз

Байланыс ақпараты:
+7 701 070 67 57
yernur.kystaubayev@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53