Nazarbayev University Бағдарлау аптасы аясында ұйымдастырылатын Family Day іс-шарасына жаңадан қабылданған студенттердің ата-аналары мен отбасы мүшелерін шақырады.
Бұл іс-шара отбасыларға университет ортасымен танысуға, NU ұсынатын академиялық және студенттерді қолдау қызметтері туралы ақпарат алуға, сондай-ақ студенттердің қауіпсіз, қолайлы әрі қолдаушы ортада білім алатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- кампустағы студенттік өмірмен танысады;
- туденттердің білім алуына, тұруына және демалуына арналған инфрақұрылыммен танысады;
- университет басшылығымен, оқытушылармен және студенттерді қолдау қызметтерінің өкілдерімен кездеседі;
- студенттік қызметтер, қауіпсіздік және әл-ауқат мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алады;
- өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, NU қауымдастығымен жақынырақ таныса алады.
Family Day — балаңыздың білім алып, өмір сүретін ортасымен танысып, оның табысты оқуына арналған мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алуға және Nazarbayev University қауымдастығының бір бөлігіне айналуға тамаша мүмкіндік.
