Family Day

Назарбаев Университеті студенттердің ата-аналары мен отбасы мүшелерін Family Day — Отбасы күніне шақырады. Бұл ерекше іс-шара университет пен студенттердің отбасылары арасындағы байланысты нығайтуға арналған. Шара барысында қатысушылар университеттегі академиялық өмірмен, кампустың инфрақұрылымымен және студенттерге көрсетілетін қолдау қызметтерімен жақын таныса алады.

Күн бойы қонақтар университеттің негізгі бөлімшелерінің өкілдерінен оқу бағдарламалары, студенттердің әл-ауқаты, жатақхана жағдайы, медициналық және психологиялық қызметтер, қауіпсіздік, бос уақытты тиімді өткізу мүмкіндіктері мен мансаптық даму жайында ақпарат алады. Сонымен қатар, университеттің миссиясы, құндылықтары мен дәстүрлері туралы да қосымша ақпарат беріліп, ата-аналар мен туыстарға студенттердің білім алу жолында қолдау көрсету тәсілдері таныстырылады.

Барлық отбасылар өздерін жайлы сезінуі және белсенді қатыса алуы үшін іс-шара екі тілде өтеді: қазақ тілінде (Көк залда) және орыс тілінде (Сары залда).

Сіздерді Назарбаев Университетінде білім алу тәжірибесінің ерекшеліктерімен бөлісуге асыға күтудеміз.

Family Day Бағдарламасы

09:00 – 09:10 Сәлемдесу сөзі

09:10 – 09:15 Бағдарламаға шолу

09:15 – 09:25 NU туралы қысқаша шолу: миссиясы, құндылықтары, кампус

09:25 – 09:40 Студенттерді қолдау, кампустағы өмір, жатақхана, әскери қызмет

09:40 – 09:50 Академиялық және академиялық кеңес беру бөлімімен таныстыру

09:50 – 10:00 Тіркеу офисімен таныстыру

10:00 – 10:10 Мансап, міндеттемелер және тәжірибеден өту мүмкіндіктері

10:10 – 10:20 Оқу ақысы және стипендия туралы ақпарат

10:20 – 10:30 Әлеуметтік даму қорының таныстырылымы

10:30 – 10:45 Медициналық және психологиялық қызметтер

10:45 – 10:55 Кітапханамен таныстыру

10:55 – 11:05 Кампустың қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер

11:05 – 11:15 Студенттік өзін-өзі басқарудың маңыздылығы

11:15 – 11:30 Сұрақ-жауап сессиясы

11:30 – 12:30 Түлектермен кездесу

12:30 – 13:30 Кампус бойынша экскурсия

13:30 – 14:30 Түскі ас және өнер көрсету бағдарламасы

Толығырақ: https://orientation.nu.edu.kz

Байланыс ақпараты:
info_admissions@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53