Demo Day NURIS Hardware Challenge 6.0

Information about the organizer:

Astana Business Campus
Madina Nurgaliyeva

Astana Business Campus сіздерді NURIS Hardware Challenge 6.0 Demo Day іс-шарасына қатысуға шақырады.

Іс-шара барысында қатысушылар конкурс аясында әзірлеген финалдық шешімдері мен прототиптерін ұсынады. Demo Day 2026 жылғы 5 мамырда сағат 15:00-де Nazarbayev University, 3-қабаттағы Senate Hall залында өтеді. Бағдарламаның ұзақтығы — 2 сағат.

Іс-шара аясында командалар KazAeroSpace ұсынған кейс бойынша жобаларын таныстырады. Кейс ғарыштық суреттерді талдауға, жергілікті жердегі объектілер мен белгілерді автоматты түрде анықтауға, сондай-ақ QGIS және геопорталдарда әрі қарай пайдалану үшін GIS-қабаттарын қалыптастыруға арналған бағдарламалық шешім әзірлеуді қамтиды.

Қонақтарды командалардың таныстырылымдары, шешімдер демонстрациясы, қатысушылармен және сарапшылармен кездесу, конкурс нәтижелерін жариялау, жүлделер ұтысы және кофе-брейк күтеді.

Сіздерді NURIS Hardware Challenge 6.0 Demo Day іс-шарасында көруге қуаныштымыз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53