Business Talk & Coffee: Тұрақты жеткізу тізбектері үшін инновациялық шешімдер

Information about the organizer:

Graduate School of Business
Dina Meiramova

Сіздерді тұрақты жеткізу тізбектеріндегі соңғы үрдістер қарастыратын онлайн-сессияға қатысуға шақырамыз. Атап айтқанда, CBAM көміртек тарифтері, due diligence есептілігі, EcoVadis сертификаттауы және жаңа ESG бастамалары талқыланады. Талқылау «үштік өлшем» — Адамдар, Экология және Пайда арасындағы теңгерімді сақтаудың практикалық жолдарына бағытталады. Бұл тәсіл ұзақ мерзімді құндылық пен бәсекелік артықшылыққа қол жеткізудің маңызды факторы ретінде қарастырылады.

Спикер:

Бехзад Самии — Бельгиядағы Vlerick Business School-да операциялық стратегия және жеткізу тізбектерін басқару профессоры. Оның операциялар, технологиялар және бизнесті трансформациялау салаларында 20 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар. MIT университетінде Логистика инженериясы және жеткізу тізбектерін басқару бойынша PhD дәрежені алған.

Форматы: Zoom арқылы онлайн

Тілі: Ағылшын

Біз сіздің онлайн қатысуыңызды және Бехзад Самиимен қызықты талқылауда асыға күтеміз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53