Бағдарлау аптасы аясында Nazarbayev University-дегі оқу барысында болашақ жетсітіктерге жетелейтін қажетті барлық ресурстармен және дағдылармен танысасыз.
Бағдарлау аптасына қатысу және келісім-шартқа қол қою университетке түсу үшін міндетті талап болып табылады.
Бағдарламаны қарап шығып, сессияларды жіберіп алмаңыз және жаңалықтардан хабардар болу үшін электрондық поштаңызды үнемі тексеріп отырыңыз.
Неліктен қатысу қажет?
Бағдарлау апталығы барысында сіз:
- Студенттермен, түлектермен, профессор-оқытушылар құрамымен және университет қызметкерлерімен танысасыз;
- Болашақ құрдастарыңызбен танысасыз;
- Университеттің академиялық және студенттерге қолдау көрсету қызметтері туралы ақпарат аласыз;
- Пәндерге онлайн тіркелу тәртібімен танысасыз;
- Moodle оқу платформасын пайдалануды үйренесіз;
- Университет кітапханасының ресурстары мен қызметтері туралы ақпарат аласыз.
Біз сіздерді Nazarbayev University қауымдастығында қарсы алуға және академиялық жолдарыңызды сенімді бастауға қолдау көрсетуге қуаныштымыз.
Толығырақ оқу үшін осы жерді басыңыз.
