Автоматтандыру, басқару және робототехника инженериясы бойынша 11-ші халықаралық конференцияның (CACRE 2026) 2026 жылғы 17-20 тамыз аралығында Астана қаласында (Қазақстан) өтетінін қуана хабарлаймыз. Конференцияның бірлескен ұйымдастырушысы – Nazarbayev University.
2016 жылдан бері табысты өткізіліп келе жатқан CACRE конференцияларының дәстүрін жалғастыра отырып, CACRE 2026 автоматтандыру, басқару және робототехника инженериясы салаларындағы озық ғылыми жетістіктерді талқылау үшін әлемнің жетекші зерттеушілерін, студенттерін және өнеркәсіп өкілдерін бір алаңға жинайды. Биылғы конференция бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарының заманауи зерттеулері мен тәжірибелерімен бөлісуге шетелден шақырылған жеті беделді негізгі баяндамашының қатысуымен толықтырылыды.
Конференциямыз мақалаларды қабылдаудың соңғы кезеңіне өтті. Соңғы қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 10 шілде, және бұл мерзім бұдан әрі ұзартылмайды. Барша әріптестерді, зерттеушілерді және магистранттар мен докторанттарды осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің соңғы ғылыми жұмыстарын ұсынуға және халықаралық конференцияның қатысушысы болуға шақырамыз.
Мақалалар келесі ғылыми бағыттар бойынша қабылданады:
- Робототехника ғылымы және инженериясы
- Басқару ғылымы және инженериясы
- Автоматтандыру ғылымы және инженериясы
- Компьютерлік көру ғылымы және инженериясы
Конференцияда қабылданып, баяндалған мақалалар IEEE Xplore дерекқорында жарияланып, олардың халықаралық деңгейде кеңінен таралуы мен жоғары ғылыми көрінуін қамтамасыз етеді.
Маңызды күндер
Мақалаларды қабылдаудың соңғы күні: 2026 жыл 10 шілде (мақалаларды қабылдаудың соңғы айналымы)
Қосымша ақпарат: https://www.cacre.org/Cfp.html
Сіздерді өз ғылыми жұмыстарыңызды конференцияға ұсынуға, сондай-ақ осы хабарландыруды өз зерттеу топтарыңызбен, әріптестеріңізбен және магистранттар мен докторанттар арасында бөлісуге шақырамыз.
