Ашық есік күні «NU Fest: Knowledge Race»

Назарбаев Университеті талапкерлерді, олардың ата-аналарын және барлық қонақтарды NU Fest: Knowledge Race — Ашық есік күніне шақырады. Бұл шара Университет, оның білім беру бағдарламалары және жарқын студенттік өмірі туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік береді.

Іс-шара бағдарламасы:

  • НУ мектептері мен департаменттері ұсынатын интерактивті «Pit Stop» аймақтары
  • Қабылдау, оқу бағдарламалары және студенттердің өмірі туралы ақпараттық сессиялар
  • Студенттік клубтардың өнер көрсетуі
  • Қонақтарға арналған конкурстар мен қызықты іс-шаралар
  • Нағыз Formula 1 көлігінің көрмесі

НУ — Орталық Азия университеттері арасындағы Formula 1. Дәл осы жерде білім мен болашақ жеңістер жарысы басталады!

Тіркелу сілтемесі

Байланыс ақпараты:
info_admissions@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53