2023 жылғы AAHCI Орталық Азия аймақтық конференциясы

Information about the organizer:

Назарбаев Университеті Халықаралық Академиялық денсаулық орталықтары альянсымен (AAHCI) бірлесіп 2023 жылғы AAHCI Орталық Азия аймақтық конференциясын өткізуде. Кездесу 2023 жылғы 26-27 мамырда Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді. АҚШ, Еуропа, Катар, Түркия және басқа елдердің шетелдік спикерлері қатысады.

«Академиялық денсаулық орталықтары – қауымдастықтардың, ұлт және аймақтың экономикалық қозғалтқышы» тақырыбындағы бұл кездесу академиялық денсаулық сақтау орталығының басшыларына денсаулық сақтау жүйелеріндегі қиындықтарды зерттеуге және туындаған мәселелер бойынша ынтымақтастық әлеуетін білдіруге мүмкіндік береді.

Сессиялардың тақырыптары:

  • Академиялық медицинаның құндылығы: интеграцияланған денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық әсері.
  • Қоғамдық денсаулық сақтаудағы академиялық денсаулық орталықтарының рөлі. Азаматтардың әл-ауқаты және халық денсаулығы.
  • Медициналық-фармацевтикалық биокластерлер арқылы зерттеулер мен инновацияларды арттыру.
  • Академиялық денсаулық орталықтарындағы жұмыс күшінің ағымдағы және болашақтағы мәселелері.

Қызығушылық туындаған жағдайда www.web.cvent.com сайтында 2023 жылы 20 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз. Тіркелу мiндеттi және тегін.

Күні: 2023 жылғы 26-27 мамырда, 8:30-дан бастап

Өтетін орны: Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1

Қосымша ақпарат алу үшін Саида Шакенова, saida.shakenova@nu.edu.kz электрондық поштасы немесе +7(701) 249 12 51 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Байланыс ақпараты:
Saida Shakenova
saida.shakenova@nu.edu.kz
+7 (701) 249 12 51

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53