14-ші Халықаралық наноматериалдар және энергияны сақтаудың озық жүйелері жөніндегі конференция (INESS-2026)

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Institute of New Energy Technologies and Materials | Institute of Batteries
Elmira Nurgaziyeva
+7 777 743 8211

Nazarbayev University атынан Сіздерді Nazarbayev University, Батареялар институты және Жаңа материалдар мен энергия технологиялары институты ұйымдастыратын 14-ші Халықаралық наноматериалдар және энергияны сақтаудың озық жүйелері жөніндегі конференцияға (INESS-2026) қатысуға шақыруға қуаныштымыз.

Бұл халықаралық конференция материалтану, нанотехнологиялар, жаңартылатын энергия және энергияны сақтау жүйелері салаларындағы соңғы жетістіктерді талқылау үшін зерттеушілерді, академиктерді және сала мамандарын бір алаңға жинайды.

INESS-2026 конференциясы төмендегі және оларға қатысты бағыттарды қамтиды:

  • Келесі буын энергия жүйелеріне арналған жоғары өнімді материалдар мен технологиялар
  • Энергияны сақтау және батарея инженериясындағы заманауи үрдістер
  • Озық электрохимиялық жүйелер және функционалдық энергетикалық қолданбалар
  • Энергияны тиімді түрлендіруге арналған орнықты технологиялар
  • Энергетикалық жүйелерге арналған жасанды интеллект және есептеу материалтануы
  • Ақылды сенсорлық технологиялар және интеграцияланған сенсорлық платформалар
  • Таза энергияны түрлендіруге арналған жаңа каталитикалық жүйелер
  • Ядролық және экстремалды энергетикалық ортаға арналған озық материалдар

Сіздің қатысуыңыз пәнаралық мазмұнды талқылаулар мен ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Конференция туралы қосымша ақпаратты, соның ішінде тезистерді тапсыру мәселелерін, біздің веб-сайтымыздан таба аласыз.

Негізгі ақпарат:
Тіркелу: NU қауымдастығы мүшелері үшін тегін
Жарияланым мүмкіндігі: Конференцияның іріктелген мақалалары RSC Advances, ACS Omega сияқты беделді журналдардың бірінде немесе соған ұқсас басқа да рецензияланатын журналда жарияланады.

INESS-2026 конференциясында Сізді қарсы алып, осы қызықты әрі маңызды іс-шараға белсенді қатысатыныңызға үміт артамыз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53