Назарбаев Университетінің Кітапханасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы университет кітапханалары қауымдастығының қолдауымен кітапхана және ақпарат мамандарын, зерттеушілерді және тәжіриберушілерді, сондай-ақ қазіргі уақытта кітапхана және ақпараттану бағдарламасын оқып жатқан немесе жақында ғана бітірген студенттерді 14-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына (EALC 2025) шын жүректен шақырады. Медициналық, арнайы, қоғамдық және мектеп кітапханаларының өкілдерін де қатысуға шақырамыз.
Күні мен орны: 27-28 мамыр 2025 ж., Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан
2024 жылғы конференция берік диалогтар мен ынтымақтастықты қалыптастыруға ерекше назар аудара отырып, қатысушыларды кітапханалардың қоғамдастықтар ішінде және олардың арасында тиімді диалог жүргізудегі рөлін айқындауға шақырады, кітапханалардың түрлі контексттердегі біріктіруші рөлін ерекше атап көрсетеді. Конференция кітапханалардың рөлін динамикалық түрде қайта ой елегінен өткізуге, сондай-ақ олардың білім беру, зерттеу және қоғамға тигізетін өсіп келе жатқан ықпалын әртүрлі қырынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламалық комитет «Кітапхана — диалог алаңы: қауымдастықтарды жақындастыру» тақырыбы аясында келесі бағыттар бойынша баяндама мен постерлерге өтінімдерді қабылдайды:
- Ынтымақтастыққа дайын академиялық кітапханалардың портфолиосы
- Академиялық кітапханалардағы жұмыс процестерін оңтайландырып, нәтижеге қол жеткізу
- Кітапхана және ақпарат саласындағы ғылыми коммуникация
- Академиялық кітапханалардағы табысты тәжірибелер мен үздік тәжірибелер
- Өмірлік маңызы бар ақпараттық дағдылар, ақпаратты ұйымдастыру және басқару
- Академиялық кітапханалардағы стратегиялық жоспарлау және басқару
- Академиялық кітапханалардағы зерттеу практикасы
Маңызды күндер
- 2025 жылғы 31 наурыз – баяндамашылардың өз сөз сөйлеуін растау мерзімі
- 2025 жылғы 15 мамыр – презентация материалдарын жіберудің соңғы мерзімі
- 2025 жылғы 1 мамыр – тіркелудің соңғы мерзімі
EALC конференциясы – бұл тәжірибе мен практикалық шешімдер алмасу, кәсіби мәселелерді талқылау және өзара қолдау көрсету форумы. Сіз осы ерекше кездесуге қосылып, кітапхана мамандары үшін жарқын болашақты бірге қалыптастыруға үлес қоссаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысушыларға арналған толық ақпарат пен тіркеу конференцияның сайтында қолжетімді: https://library.nu.edu.kz/kz/ealc.
Байланыс ақпараты:
ealc@nu.edu.kz