Барлық оқытушыларды, студенттерді және қызметкерлерді осы қызықты іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
Назарбаев Университеті, ЖШС «Аккумуляторлар Институты» және ЖМ «National Laboratory Astana» ұйымдастырып жатқан 2024 жылы 7-9 тамызда Астана қаласында, 12-шы халықаралық наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне (INESS-2024) арналған конференциясына қосылыңыз! Наноматериалдар мен энергияны сақтау жүйелеріндегі жаңашыл пікірталастар мен жетістіктердің бір бөлігі болыңыз. Сіздің қатысуыңыз осы іс-шараның сәтті өтуі үшін өте маңызды!
Конферения тақырыптары
● Жетілдірілген наноматериалдар
● Энергияны сақтаудың және конверсиялаудың инновациялық жүйелері
● Батареяны бақылау және басқару жүйелері
● Батареялардың қауіпсіздігі және утилизациясы
● Электротранспорт, тұрақты энергияны сақтауға және микроэлектроникаға арналған батареяларды дамыту
● Материалтану және энергияның түрлену жүйелеріндегі модельдеу құралдары
● Энергетика және қоршаған орта
● Ақылды энергетикалық жүйелер
● Жанармай жасушалары
● Электрохимиялық сенсорлар мен электроаналитикалық қосымшаларға арналған материалдар
● Сенсорға қолданылатын инновациялық материалдар
● Күн энергиясы мен күн батареяларына арналған материалдар
● Жартылай өткізгіштер мен оптоэлектроника
● Катализ
Қазақстанда INESS конференциялары 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Жапония, Корея, Франция, Германия, Қытай, АҚШ, Ресей, Канада, БАӘ, Ұлыбритания, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген ғалымдар материалтану, нанотехнология, экология, жаңартылатын энергия көздері мен энергия сақтау жүйелері және модельдеу әдістері салаларындағы соңғы жетістіктер мен мәселелері туралы талқылайды және өз ойларымен бөліседі. Конференция ашық іс-шара болып табылады және академия, өнеркәсіп саласындағы мамандар мен инвесторлар қатыса алады.
Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз iness.kz
Сіздермен INESS-2024 конференциясында кездесуді асыға күтеміз!
Барлық оқытушыларды, студенттерді және қызметкерлерді осы қызықты іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.