Nazarbayev University жоғары дәрежелі саяси және қоғамдық қайраткерлерді: мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдауды мақтан тұтады. 2010 жылдан бері Nazarbayev University-ге 50-ден астам құрметті қонақтар келді. Олардың ішінде: Си Цзиньпин, Князь Альбер II, Дэвид Кэмерон, Синдзо Абэ, Кристин Лагард, Нарендра Моди, Кэтрин Эштон және Жозе Мануэл Баррозу.

Халима Якоб
Сингапур Президенті
23/05/2023
Халима Якоб ханым «Арыстан қаласынан Ұлы Далаға» атты дәрісінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы сенімді және өзара тиімді 30 жылдық ынтымақтастық туралы сөз қозғады. Кездесу соңында Президент ханымға Назарбаев университетінің құрметті профессоры атағы берілді.
Мохамад Малики Бин Осман
Премьер-министр кеңсесіндегі министр және Сингапурдың екінші білім және сыртқы істер министрі
Доктор Мохамад Малики Бин Осман НУ басшылығымен кездесті. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) деканы, оқытушылар құрамы және студенттермен «Шағын мемлекеттің қиындықтары және Сингапурдың заманауи жағдайдағы дамуы» тақырыбында талқылау, содан кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті
Абдулла Шахид
БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы
12 тамыз, 2022 ж.
Ол өз сөзінде БҰҰ-да аз өкілдік ететін елдердің болашағы зор сегіз жас дипломатты өз кеңсесінде қызмет етуге шақыру және қолдау көрсету жөніндегі PGA жастар стипендиясы бағдарламасы туралы айтты. Сондай-ақ ұйымға жастардың жан-жақты және тиімді қатысуына ықпал ету үшін БҰҰ Жастар кеңсесін құру жоспарлануда.
Хамад Бин Абдулазиз Аль-Кавари
Катар премьер-министрінің орынбасары
12 қараша, 2019 ж.
Рустам Минниханов
Татарстан Республикасының Президенті
7 сәуір, 2018
Анхель Гурриа
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы
23 қазан 2017 ж.
Гурриа жаһандануды неғұрлым әділ, барынша жан-жақты, тұрақты және тиімді етіп жасау үшін керекті шешімдерге шолу жасамас бұрын, соңғы проблемаларды және ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, осындай наразылықтың көздерін қарастыралды.
Сума Чакрабарти
Еуропа қайта құру және даму банкінің Президенті
23 маусым, 2017 ж.
Сума Чакрабарти мырзаның дәрісі «Қазақстан және Орталық Азия: тиімді нарықтық экономикаға көшу» тақырыбына арналған.
Рашид Алимов
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы
5 сәуір, 2017 ж.
Алимов мырза «ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық» тақырыбында дәріс оқыды. ШЫҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның ұйымдастырудағы ерекше үлесі мен рөлін атап өтті.
Шавкат Мирзиёев
Өзбекстан Республикасының Президенті
23 наурыз, 2017 ж.
Кристин Лагард
Халықаралық валюта қорының басшысы
24 мамыр, 2016 ж.
Кристин Лагард ханым ғаламдық және өңірлік орта, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің проблемалары мен мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды.