Біз туралы

Университет жетістіктері

Рейтинг және аккредитация

Times Higher Education World University Rankings (THE WUR)

Nazarbayev University (NU) Times Higher Education 2026 жылғы халықаралық университеттер рейтингі (THE WUR) бойынша халықаралық зерттеу университеттерінің үздік 23%-ына көтерілді. THE WUR — бұл университеттердің әлемдік рейтингтік кестесі.

Бар-жоғы екі жыл ішінде университет 401–500 диапазонына көтеріліп, Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны, сондай-ақ ТМД елдері арасындағы көшбасшы университеттердің бірі ретіндегі мәртебесін растады. THE WUR зерттеуге ерекше назар аудара отырып, университеттің жұмысын жан-жақты бағалайтын деректерге негізделген әдістемені пайдаланады; бұл тәсіл әсіресе NU-нің зерттеу миссиясымен жақсы үйлеседі. THE WUR оқу мен зерттеулерді бағалау үшін Elsevier зерттеу нәтижелерінің деректерін, белсенді зерттеушілердің сараптамалық бағалауларына негізделген бедел деректерін және университеттің өзі ұсынған қаржылық және халықаралық перспективалар туралы деректерін пайдаланады.

THE  Азия университеттерінің рейтінгі 2025

Nazarbayev University Times Higher Education Asia University Rankings 2025 рейтингінде 853 оқу орнының ішінде 150-ші орынға ие болды.

Бұл рейтингтер Азия университеттерінің ерекше сипаттамаларын көрсетуге бейімделген THE World University Rankings сияқты қатаң әдіснаманы қолданады. Әділ және жан-жақты салыстыруды қамтамасыз ету үшін оқу орындары негізгі миссиялары — оқыту сапасы, зерттеу нәтижелері, білім беру және халықаралық көзқарас бойынша бағаланады.

Пәндер/мамандықтар бойынша рейтинг

Nazarbayev University Times Higher Education World University Subject Rankings 2025 тізіміне 22 пән бойынша енгізілді.

Атап айтқанда, университет білім беру саласында үздік 200-ге кірді, ал медицина және денсаулық сақтау саласында 401-500 санатына көтерілді. Бес пән санаты — инженерия, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, білім беру және медицина және денсаулық сақтау — әлемдік деңгейде үздік 500-ге кіреді, бұл университеттің өсіп келе жатқан академиялық жетістіктерін көрсетеді. Университет информатика саласында 501-600 санатында, ал бизнес және экономика, биологиялық ғылымдар және физикалық ғылымдар 601-800 санаттарында орналасқан.

Times Higher Education пәндер/мамандықтар бойынша әлемдік университеттер рейтінгі, 2025 ж.
Пән NU позициясы
Өнер және гуманитарлық ғылымдар 401-500
Тарих, философия және теология
Тілдер, әдебиет, тіл білімдері
Бизнес және экономика 601-800
Бухгалтерлік есеп және қаржы
Бизнес және менеджмент
Экономика және эконометрика
Медицина және денсаулық ғылымдары 401-500
Медицина және стоматология
Басқа денсаулық ғылымдары
Компьютерлік ғылымдар 501-600
Білім 176-200
Өмір туралы ғылымдар 601-800
Биология ғылымдары
Пән NU позициясы
Инжиниринг 401-500
Химиялық инженерия
Құрылыс инжинирингі
Электротехника и электроника
Жалпы инженерия
Механикалық инженерия
Физика ғылымдары 601-800
Химия
Геология, қоршаған орта, жер және теңіз туралы ғылымдар
Математика
Физика және астрономия
Әлеуметтік ғылымдар 401-500
Қоғаммен байланыс және БАҚ
Саясат және халықаралық қатынастар
Әлеуметтану

Екі пән – телекоммуникациялық инженерия және электронды инженерия – Shanghai Ranking басқаратын 2023 жылғы беделді жаһандық академиялық пәндер рейтингіне енгізілген.

Бұл сәтті нәтижелер Университеттің академиялық бағдарламаларының әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісі.

Subject 2025 GRAS Rank
Civil Engineering 301-400
Telecommunication Engineering 301-400
Education 401-500

Leiden University Ranking 2025

Nazarbayev University (NU) ғылыми зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін ғана бағалайтын беделді Leiden University Ranking 2025 рейтингінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші университет ретінде танылды. Рейтингтің Open Edition санатында Biomеdical and Health Sciences бағыты бойынша NU әлемде 39–44 орын аралығына кірді. Бұл көрсеткіш әлемдегі ең көп дәйексөз келтірілетін ғылыми еңбектердің үздік 10 пайызына кіретін жарияланымдар үлесіне негізделген. NU-дың жоғары нәтижелері өзге салаларда да байқалды. Рейтингтің Traditional Edition нұсқасында университет әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша әлемде 199-орын, ал математика және компьютерлік ғылымдар саласында 483-орын алды. Сонымен қатар физика ғылымдары мен инженерлік бағыттар да рейтингке енді. Leiden университеті әзірлеген бұл рейтинг әдіснамасының ашықтығы және деректерге сүйенуімен ерекшеленеді. Ол жас әрі жаңадан құрылған университеттер мен тарихы терең оқу орындарына тең мүмкіндік береді. Өзге көптеген халықаралық рейтингтерден айырмашылығы — беделге қатысты сауалнамалар мен оқыту көрсеткіштерін есепке алмай, тек ғылыми ықпал, халықаралық әріптестік, ашық қолжетімді жарияланымдар және авторлар құрамындағы гендерлік теңдікке мән береді.

Nazarbayev University халықаралық білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы жетекші ұйымдардың бірі – Ұлыбританияның Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігі жүргізген Халықаралық сапаға шолу (IQR) нәтижесінде институционалдық аккредитацияға ие болды.

Бұл маңызды жетістік Nazarbayev University-дің жоғары білім берудегі сапа мен басқарудың ең жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді. Бұл Университеттің жетекші жоғары оқу орны ретіндегі мәртебесін растайды және Nazarbayev University-дің әлемдік мойындалуы мен дипломының құндылығын күшейтеді.

Аккредиттеу бес жыл мерзімге жарамды. Озық тәжірибе мысалдарын көрсететін және жақсарту бойынша ұсыныстарды сипаттайтын IQR есебі QAA веб-сайтында қолжетімді. NU тиісті ұсыныстарды орындау және үлгілі тәжірибені қолдау үшін кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Аккредиттеу туралы сертификат мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Аккредиттеуге немесе QAA «аккредиттелген» төсбелгісін пайдалануға қатысты сауалдарға жауап алу үшін Стратегия және іске асыру офисіне strategy@nu.edu.kz хабарласыңыз.

Nazarbayev University 2017-2020 жылдар аралығында академиялық сапа, ғылыми-зерттеу қызметі мен стратегиялық басқарудың тәуелсіз сыртқы бағасын алу үшін Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) Институционалдық бағалау бағдарламасына (IEP) қатысты.

NU сыртқы бағалаудың бастапқы және кейінгі кезеңдерін сәтті аяқтады және өзін-өзі жетілдіру бойынша күш-жігерін жалғастыруда. Тиісті есептер IEP EUA веб-сайтында қолжетімді.

NU жоғары академиялық стандарттарға қол жеткізуге тырысады және өзінің бағдарламаларын беделі ең жоғары ұйымдардан аккредиттеуден өтуге басымдық береді.

NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат бойынша магистрлік бағдарламалары 2019 ж. European Association for Public Administration Accreditation (EAPAA) және 2023 ж. Network of Schools of Public Policy, Affairs, and Administration (NASPAA)  аккредитациясынан сәтті өтті.

Nazarbayev University-дің Дайындық мектебінің Академиялық ағылшын тілі бағдарламасы 2020 жылы British Association of Lecturers in English for Academic Purposes (BALEAP) аккредитациясын алды және 2024 жылы қайта BALEAP аккредитациясын алған. NU ТМД елдерінде BALEAP аккредитациясын алған алғашқы университет болып табылады.

Жоғары Бизнес Мектебі аккредиттеу процесінен өтуде Association to Advance Collegiate Schools of Business (AACSB). Толық уақытты MBA және Executive MBA бағдарламалары Association of MBAs (AMBA) және Business Graduates Association (BGA) аккредиттелді. AACSB және AMBA бизнес-білім беру саласындағы үш негізгі әлемдік аккредиттеу агенттіктерінің екеуі болып табылады (т.н. “triple crown”). 

NU-дың үш мектебінің — Nazarbayev University-дің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (SEDS), Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі  (SMG) және Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі  (SSH, STEM) — жеті бағдарламасы 2025 жылдың қазан айында өткен сайтқа бару барысында Accreditation Board for Engineering and Technology — ABET тарапынан сәтті қарастырылды. ABET аккредитациясы бағдарламаның жаһандық еңбек нарығындағы негізгі STEM салаларында жұмыс істеуге түлектерді дайындау үшін қажетті стандарттарға сәйкес келетінін растайды.

Қарастырылған бағдарламалардың тізімі:

  • Электротехника және компьютерлік инженерия саласындағы инженерия бакалавры; Компьютерлік ғылымдар бакалавры (SEDS);
  • Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым бакалавры (SMG);
  • Математикалық ғылымдар бакалавры, Химиялық ғылымдар бакалавры, Физикалық ғылымдар бакалавры, Биологиялық ғылымдар бакалавры (SSH).

Аккредиттеу бойынша соңғы шешім 2026 жылы қабылданады деп күтілуде.

Келесі бағдарламалар ABET аккредиттеуіне дайындалуда:

  • Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы инженерия бакалавры; Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы инженерия бакалавры; Құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы инженерия бакалавры; Робототехника саласындағы бакалавр (SEDS);
  • Тау-кен және минералдар инженериясы бойынша ғылым бакалавры және Геология саласындағы бакалавры (SMG).
Медицина мектебінің «Медицина докторы» (MD) бағдарламасы 2024 жылдың сәуірінде Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы  (ECAQA) тарапынан сәтті аккредиттелді. Бұл аккредиттеу органы мойындаған толық бес жылдық халықаралық аккредиттеу World Federation for Medical Education (WFME) болып табылады. Ол MD бағдарламасының медициналық білім берудегі қатаң сапа стандарттарына сәйкес келетінін растайды.

2025 жылдың желтоқсанында «Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» (MPH) бағдарламасы алты жыл мерзімге Agency for Public Health Education Accreditation (APHEA) аккредитациясынан өтті, бұл оның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық танылған стандарттарға сәйкестігін растайды (сертификат).

2026 жылдың қаңтарында Жоғары білім беру мектебінің үш бағдарламасы:
  • Көптілді білім беру магистрі;
  • Білім беруді басқару магистрі;
  • Білім беру саласындағы философия докторы.
Халықаралық бағдарлама аккредитациясын (IPA) Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігінен алды. QAA Ұлыбританиядағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз орган және сапаны қамтамасыз ету саласындағы әлемдік сарапшылардың бірі.
Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53