Біз туралы

Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық қауымдастықтар

Назарбаев Университеті жоғары білім берудегі мынадай әлемдік және аймақтық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады.

Халықаралық университеттер қауымдастығы

Халықаралық университеттер қауымдастығы (ХУҚ) – ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1950 жылы құрылған жоғары оқу орындарының жаһандық бірлестігі.

Азия Университеттері Альянсы (АУА)

Азия Университеттерінің Альянсы 2017 жылғы 29 сәуірде құрылды. Назарбаев Университеті Альянстың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ашылу салтанаты Бейжіңде (Қытай) Цинхуа университетінде өтті. Альянстың бірінші жиналысына 400-ге жуық профессорлар мен 15 ЖОО өкілдері қатысты.

Жаңа жібек жолы Университеттері Альянсы (UASR)

Жаңа жібек жолы Университеттері Альянсы (UASR) – жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым. UASR Ұлы Жібек жолының тарихи жолында орналасқан елдердің жоғары оқу орындарын біріктіреді.

«Бір белдеу – бір жол» Қытай Халық Республикасы Үкіметі стратегиясының аясында Сиань көлік университеті (ҚХР) 2015 жылдың қаңтар айында Азия, Еуропа және Америка елдерінің шетелдік және отындық университеттерімен бірлесіп Альянс құру үшін «Жібек жолының Академиялық белдеуі» бағдарламасына бастамашылық етті.

Еуропалық университеттер қауымдастығы

Біз НУ-дың Еуропалық университеттер қауымдастығының (European University Association) жеке мүшесі болғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. EUA 47 елден 850-ден астам мүшені біріктіретін Еуропадағы жоғары оқу орындарының кең желісі болып табылады.

Ұйымға мүшелік сарапшылар топтар мен жобаларға қатысу арқылы жоғары білім мен ғылымның даму үдерістерін қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді. Мүшелік жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасуға да, сондай-ақ еуропалық жоғары оқу орындарының озық тәжірибесімен танысуға да мүмкіндік береді.

2022

2022 жылдың мамыры – IAU Horizons журналында жарияланымы

IAU Horizons журналының “Relevance and Value of Universities to Future Society” тақырыбындағы 16-шығарылымында Президент Шигео Катсу, Провост Илесанми Адесида, Вице-провост Лоретта О’Доннелл және Жаһандық байланыстар кеңсесінің басшысы Әлия Каймолдинова жоғары білімді қайта қарастыру және Ковид-19 пандемиясының бізге үйрететіні туралы айтты.

Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтқа кіріңіз  IAU — International Association of Universities — The Global Voice of Higher Education (iau-aiu.net)

24-28 Қазан:  Мета Жібек жолы: AUA жастар форумы НУ-да басталды

Қазақстан, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ,Малайзия, Индия және басқа елдердің студенттері шынайы және виртуалды әлемде мәдениеттердің интеграциясын талқыланды.

Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтқа кіріңіз  Meta — Silk Road: AUA Youth Forum kicks off at NU

 

2019

13-15 мамыр: Жыл сайынғы Going Global конференциясы “Knowledge diplomacy and the digital world: does international tertiary education have a role?”

2019 жылы өткен Going Global конференциясында Назарбаев Университетінің атынан Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Кадиша Нурдулдиновна Даирова және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директордың міндетін атқарушы Мадина Несипказиевна Айтаканова “Global Partnerships and Their Impact on the Development of Local Higher Education” тақырыпта көрсетілім жасады.

2019 жылғы Going Global конференциясының маңызды сәттерімен танысу үшін ресми сайтқа кіріңіз.

2018

18-21 ақпан: Жыл сайынғы “The Internationalization Imperative in Turbulent Times” тақырып бойынша AIEA конференциясы

2018 жылы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова мен Тәжірибе трансляция офисінің үйлестірушы Мадина Несипказиевна Айтаканова AIEA Conference конференциясына қатысып, сессиялардың бірінде «Alliances under the Belt and Road Initiative: University Partnerships between China and Kazakhstan» атты көрсетілім жасады.

2018 жылғы AIEA конференциясында ұсынылған басқа да сессия материалдарын алу үшін сілтемеге өтіңіз.

EAIE Forum журналында жарияланымы

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова және Тәжірибе трансляция кеңсесінің үйлестірушы Айтаканова Несипказиевна Мадина Форум журналының жазғы санында “International Policies and Practices” тақырыбында НУ-дың құрудың ерекше бірегейлігі және оның әлемдік жоғары білім беру нарығында орын алудағы қиындықтары туралы айтып өткен.

“New Institution, Big Plans” мақаланың толық нұсқасын алу. (Сілтеме)

2017

19-22 ақпан: жыл сайынғы “Internationalization through Difference: Transcending Boundaries” AIEA конференциясы

Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша Нурдулдиновна Даированың “Partnerships as Tools for Development and Internationalization: Lessons from Universities in Kazakhstan and Central Asia” тақырыбына арналған көрсетілімі.

AIEA 2017 конференциясы туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.

1-7 мамыр: Халықаралық бөлімдердің аға қызметкерлеріне арналған AIEA көшбасшылық академиясы

2017 жылы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова AIEA Көшбасшылық академиясында оқудан өтті.

Сертификат AIEA Academy

2017 жылы когорта туралы ақпарат алу үшін, AIEA веб-сайтына кіріңіз.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53