Провост офисі оқу және оқытуды жетілдіру бағытындағы академиялық саясатты және бастамаларды дамыту, орындау мәселелеріне институционалдық қолдау көрседеті.
Соның ішінде, Офистің қызмет аясы келесі бағыттырды қамтиды:
- Жалпы университеттік сапаны арттыру мәдениетін жетілдіру;
- Оқыту сапасын арттыру, академиялық бағдарламаларды құру және академиялық менеджмент жүйесін дамыту мақсатында институционалдық бақылаумен қамтамасыз ету;
- Оқу мен оқытуда инновациялық әдістерді қолдануда профессор-оқыту құрамына кеңестік қызмет көрсету;
- Институционалдық зерттеулер жүргізу арқылы институционалды жоспарлау мен тиімділігін қолдау;
- Оқу процесінде үздік техникалық құралдарын қолдануды қолдау;
- Академиялық процестерді сырттай шолудың процестерін қадағалау.
Офис: №4006, Блок С2
Телефон нөмірі: +7 (7172) 70 90 45
Пошта: provostoffice@nu.edu.kz
Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы 53, 010000 Астана қ., Қазақстан

Рехан Садык
Провост
Профессор Садык – су жүйелерін басқару, экологиялық тәуекелдерді талдау және құрылыстық ортада өмірлік циклді бағалау салаларындағы зерттеулерімен халықаралық мойындалған зерттеуші әрі академиялық көшбасшы. Оның 800 жарияланымы бар, 29 000-ға жүйік дәйексөз алған, бұл оны әлемдегі ең көп дәйексөз алынған азаматтық құрылыс саласындағы 100 зерттеушінің қатарына қояды.
Профессор Садык Канададағы бес жетекші кәсіби қоғам мен инженерлік қауымдастықтың мүшесі және экологиялық инженерияға қосқан үлесі үшін беделді CSCE Albert E. Berry Medal марапатымен аталған. Ол NU-ға Okanagan campus провосты және академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, азаматтық құрылыс профессоры және University of British Columbia (UBC) университетінің Құрметті университет ғалымы дәрежесіне ие ғалым қызметінен келеді. Провост әрі UBC атқарушы басшылығының мүшесі ретінде ол университетті нығайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық бастамаларды басқарды немесе бірге басқарды. Олардың қатарында UBC Okanagan кампусында шетелдік студенттер санын арттыру, денсаулық сақтау мен технологиялар салаларына қосымша мемлекеттік гранттық орындарды алу, инженерия, бизнес, білім, денсаулық сақтау және жаратылыстану ғылымдары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде жаңа бағдарламаларды іске қосу, сондай-ақ UBC-дің әлемдегі ең үздік университеттердің қатарындағы орнын нығайту (Times Higher Education жаһандық рейтингінде 41-орын) бар.

Бьёрн Биргиссон
Зерттеу және инновациялар жөніндегі вице-провост
Профессор Бьёрн Биргиссон — тұрақты инфрақұрылымдық жүйелер, жол төсемдері, көлік инженериясы және тұрақты құрылыс материалдары саласындағы әлемге танымал ғалым. Ол — Швецияның Корольдік инженерлік академиясының, Америкалық құрылыс инженерлері қоғамының (ASCE) және Инженерлік механика институтының халықаралық мүшесі.
Бұған дейін профессор Биргиссон түрлі елдердің жетекші университеттерінде академиялық және зерттеу жұмыстары бойынша басшылық қызметтерде болған. Aston University-де (Ұлыбритания) проректор және инженерлік ғылымдар бойынша атқарушы декан ретінде студенттер қатарын 45%-ға арттырған. Ол зерттеулер жөніндегі вице-президент ретінде KTH Royal Institute of Technology (Швеция) Horizon 2020 бағдарламасы аясында Еуропалық одақ гранттарын ең көп жеңіп алып, университеттің техникалық жоғары оқу орындары арасындағы беделі артқан. Texas A&M University-де (АҚШ) құрметті профессор ретінде Инфрақұрылымды жаңарту орталығын құрып басқарған, ол қазіргі кезде ұлттық деңгейдегі зерттеу орталығы ретінде танылған.
Профессор Биргиссон University of Minnesota-дан азаматтық құрылыс саласы бойынша PhD дәрежесін алған.

Саманта Смидт
Академиялық істер жөніндегі вице-провосты
Профессор Смидт қазіргі таңда King’s College London университетіндегі King’s Academy-де жоғары білім беру профессоры және академиялық директор болып жұмыс істейді. Ол университеттің орталық академиялық даму функциясын басқарады және факультеттермен тығыз жұмыс істей отырып, оқытудың сапасын жақсарту, оқу бағдарламаларын жаңғырту және академиялық көшбасшылықты нығайту бағытында қызмет етеді. Бұрын ол University College London-да академиялық тәжірибе және кәсіби даму бағыттарын басқарған, ал одан бұрын The Open University-де оқу мен оқытуды дамыту бойынша жетекші қызметтерде болған.
Профессор Смидт University of Sussex-те физика мамандығы бойынша (еуропалық зерттеулерді қоса оқи отырып) бакалавр дәрежесін алды, ал кейін сол университетте физика саласы бойынша докторлық (DPhil) қорғады. Сондай-ақ The Open University-ден педагогика бағыты бойынша магистр дәрежесін алған. Ол жоғары білім беруді дамыту, академиялық даму және оқу бағдарламаларын жобалау салаларында халықаралық деңгейде танылған маман. Профессор оқыту, оқу және сапаны жақсарту бойынша ірі бастамаларды басқарды, соның ішінде Teaching Excellence Framework (TEF) жүйесіне ұсыныстар дайындау және студенттердің оқу тәжірибесі мен академиялық кәсіби дамуын қолдау бойынша университеттік стратегиялар бар. Ол Advance HE ұйымының негізгі мүшесі және оның Fellowship және Accreditation Advisory Group құрамына кіреді.
Профессор Смидт Провост кеңсесіндегі мықты басқарушылар командасына қосылады. Олардың қатарында профессор Бьорн Биргиссон (Зерттеу және инновациялар жөніндегі вице-президент), доктор Аида Сағынтаева (Академиялық жоспарлау және бюджеттеу жөніндегі вице-президент), доктор Лаша Маркозашвили (Оқыту және студенттердің жетістіктері жөніндегі қауымдастырылған провост) және доктор Луис Рохас (Ғылыми бағдарламалар бойынша қауымдастырылған провост) бар. Олар академиялық істер, зерттеу және инновациялар, академиялық жоспарлау, магистратура және студенттердің жетістіктері бағытында үйлестірілген басқаруды қамтамасыз етіп, университеттің академиялық миссиясы мен стратегиялық басымдықтарын алға жылжытады.

Аида Сагинтаева
Академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі Вице-провост және Жоғары білім беру мектебінің деканы
Доктор Сагинтаева (ф.ғ.д., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) кәсіби қызметін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде профессорлық-оқытушылық қызметтен бастаған. Доктор Сагинтаева Еуразия ұлттық университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болды.
Ол Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін еуропалық үш деңгейлі дипломдық жүйеге бейімдеу бойынша Білім және ғылым министрлігінде білім беру саласындағы ғылыми жобаларға қатысты және Қазақстанда Батыс PhD бағдарламаларын енгізуге бағытталған министрлік бастамасын үйлестірді. Сондай-ақ ол «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті болған. Доктор Сагинтаева тіл мәселелері, шет тілдерін оқыту, білім беру реформалары, жоғары білімді интернационалдандыру, білім беру саясаты және жоғары оқу орнындағы басқару мәселелеріне арналған 50-ден астам ғылыми журналдық мақалалардың және бірнеше әдістемелік кітаптардың авторы және бірлескен авторы.

Луис Рамон Рохас-Солорзано
Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провосты
Доктор Луис Рамон Рохас-Солорзано 30 жылдан астам жоғары білім беру саласында табысты мансап құрған, көреген, стратегиялық және белсенді академиялық көшбасшы. Ол PhD дәрежесін 1997 жылы Карнеги Меллон университетінде, АҚШ машина жасау мамандығы бойынша алды.
Доктор Рохас өзінің академиялық мансабын 1988 жылы өндіріс саласында 3 жыл жұмыс істегеннен кейін бастады. Ол Венесуэладағы Симон Боливар университетінде (1985, 1991) машина жасау бакалавры және гидротехника бойынша магистр дәрежесін алды. Доктор Рохас аталған университетте 25 жыл қызмет етті және 2013 жылы Профессор ретінде зейнетке шықты. Доктор Рохас-Солорзано АҚШ-та (Карнеги Меллон университеті, Филлипс-Респироникс, DRESSER-RAND), Францияда (IMT-Atlantique, Нант), Испанияда (UPC), Португалияда (UNL-NSCT) және Перуде (PUCP) Профессор-ғалым болып қызмет атқарды. 2013 жылы Nazarbayev University-ге қосылғаннан кейін доктор Рохас-Солорзано магистратура және докторантура бағдарламаларына NU магистратура негіздерін сәтті қолданып, магистратура бағдарламаларының жетекшісі, ал соңғы уақытта Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі магистратурасының директоры қызметін атқарды. Доктор Рохас-Солорзано студентке бағытталған білім беру тәсілін қолданатын және өзінің әріптестерінің, студенттердің және өзі қызмет еткен қоғамдастықтың көп және алуан түрлі көзқарастарын құрметтейтін тәжірибелі академик. Оның пікірінше, бүгінгі күннің ықпалды білім беру көшбасшылары инклюзивтілікті нығайту және жоғары білім берудегі жетістіктерді арттыру үшін құнды ресурс ретінде әртүрлілікті бағалайды. Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провост NU-дың барлық магистратура және докторантура студенттері мен докторлық дәрежесі бар ғалымдар үшін жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін академиялық және әкімшілік қолдауға жетекшілік етеді. Доктор Рохас бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалды. 2022 жылдың қыркүйегінде доктор Рохас таза энергия технологиясын зерттеу нысандарындағы жетістіктері үшін Білім берушілер және Зерттеушілер санатында NASA-ның POWER/RETScreen Excellence Award марапатын алды.

Лаша Маркозашвили
Оқыту және студенттердің жетістігі жөніндегі қауымдастырылған провосты
Лаша Маркозашвили — жоғары білім беру басқармасы мен қоғамдық әкімшілік саласында он жылдан астам тәжірибесі бар, білікті көшбасшы. Ол академиялық басқару, стратегиялық трансформация және білім беру сапасының қамтамасыз етілуі салаларына маманданған.
Nazarbayev University-ге қосылғанға дейін ол Кувейттегі Америкалық Халықаралық Университетінде көмекші вице‑президент (Assistant Vice President) қызметін атқарған; сол жерде академиялық факультеттерге стратегиялық бақылау жүргізіп, маңызды институционалдық және бағдарлама деңгейіндегі аккредитациялық процестерді сәтті үйлестірген.
Бұрын, Грузиядағы Британ университетінде проректор (Vice‑Rector) болған кезінде, ол университеттің толық институционалдық аккредитациясын қамтамасыз етіп, академиялық бағдарламаларды University of Buckingham–мен бірге мақұлдау (валидация) процесін табысты аяқтаған.
Сонымен қатар, оның профессионалдық тәжірибесіне мемлекеттік қызмет те кіреді: ол Грузия Ішкі істер министрлігінде Аналитика бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Deputy Head of the Analytical Division) болған; бұл қызмет барысында ол салалар аралық саяси бастамаларды үйлестірумен және дағдарыстық жағдайларды басқарумен айналысқан.
Ол Adam Mickiewicz University университетінен саяси ғылымдар бойынша PhD дәрежесін алған.
