Құрметті үміткерлер,
Шетел үміткерлері үшін докторантура бағдарламаларына онлайн өтінім беру мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз.
Жаңартылған өтінім беру мерзімдері:
Грантқа өтінім беретін халықаралық үміткерлер үшін:
- 17 наурыз 2026 жыл, 14:00 (Астана уақыты бойынша).
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімдері:
Грантқа өтінім беретін халықаралық үміткерлер үшін:
- 17 наурыз 2026 жыл 23.59 (Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.
2️. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу.
3️. Тіркелу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.
Маңызды: Тіркелу жарнасы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде тек онлайн транзакциялар қолжетімді банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін/электронды сертификатты Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
IELTS: Nazarbayev University
TOEFL: 6762
Қабылдау бойынша сұрақтарыңыз болса, Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласыңыз:
Email: info_admissions@nu.edu.kz
Телефондар: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30
