Назарбаев Университетінде жаңа докторантура бағдарламасы ашылды – «Іскерлік әкімшілендіру бойынша докторантура»!

Назарбаев УниверситетіЖоғары Бизнес Мектебінің 2026 – 2027 академиялық жылға арналған жаңа «Іскерлік әкімшілендіру бойынша докторантура» бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз. Бағдарлама туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі қадамдарды орындау қажет: 

1️. admissions.nu.edu.kz сайтында тіркеліп, Жеке кабинет ашу.

2️. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу.

3️. Тіркелу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.

Маңызды: Тіркелу жарнасы (15 000 KZT) қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде тек онлайн транзакциялар қолжетімді банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.

4. IELTS немесе TOEFL сертификаттарының сканерленген көшірмесін/электронды сертификатты Жеке кабинеттегі «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.

Институт кодтары:

  • IELTS: NU, Admissions Office
  • TOEFL: 6762

Келесі қадамдар: 

Студенттерді оқуға қабылдау офисінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда,  info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53