Nazarbayev University-дің ақылы докторантура бағдарламаларына шетел үміткерлері үшін өтінім беру мерзімінің ұзартылуы

Құрметті үміткерлер,

Шетел үміткерлері үшін ақылы докторантура бағдарламаларына онлайн өтінім беру мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз.

Ақылы докторантура бағдарламаларына өтінім беру мерзімдері:

Визаны алдын ала алу қажет етілетін елдердің азаматтары үшін – 2025 жылғы 27 наурыз, 14:00 (Астана уақыты бойынша).
Келген кезде виза алуға мүмкіндігі бар елдердің азаматтары үшін – 2025 жылғы  25 маусым, 14:00 (Астана уақыты бойынша).

IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімдері:

Визаны алдын ала алу қажет етілетін елдердің азаматтары үшін – 2025 жылғы 31 наурызға дейін.
Келген кезде виза алуға мүмкіндігі бар елдердің азаматтары үшін – 2025 жылғы 2 шілдеге дейін.

Өтінім беріп, Nazarbayev University-дің зерттеу қауымдастығына қосылыңыз.

Өтінім беру процесі, талаптар мен оқу ақысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз:
https://apply.nu.edu.kz/en/phd#showmore

Оқу ақысы бойынша сұрақтар үшін: bursars_office@nu.edu.kz поштасына хабарласыңыз.

Қабылдау бойынша сұрақтарыңыз болса, phd_admissions@nu.edu.kz поштасына немесе қосымша сұрақтар бойынша Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласыңыз:
Email: info_admissions@nu.edu.kz
Телефондар: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53