Nazarbayev University-дің 2025-2026 академиялық жылына докторантура бағдарламаларына онлайн өтінім қабылдау басталды!

2025-2026 академиялық жылына қабылдау үшін Nazarbayev University-дің докторантура (PhD) бағдарламаларына онлайн өтінімдер ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! 

Барлық грант түрлері үшін өтінім беру мерзімдері:

  • Шетелдік үміткерлер үшін: 2026 жылғы 3 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен);
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: 2026 жылғы 30 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).

Толық ақылы негізде оқуға түсушілер үшін мерзімдер:

  • Алдын ала визаны талап ететін шетел үміткерлері үшін: 2026 жылғы 1 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен);
  • Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 17 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).

Тіркелу жарнасы:

Стандартты тіркелу жарнасы: 15 000 теңге

Кеш тіркелу жарнасы: 45 000 теңге, алғашқы бекітілген соңғы мерзімге дейінгі соңғы екі аптадағы тіркеу жарнасы.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет: 

1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.

2️. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу.

3️. Тіркелу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.

Маңызды: Тіркелу жарнасы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде тек онлайн транзакциялар қолжетімді банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.

4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін/электронды сертификатты Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.

Институт кодтары:

IELTS: Nazarbayev University

TOEFL: 6762

Келесі қадамдар: 

Студенттерді оқуға қабылдау офисінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда,  phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Ескерту: Төлем ұлғаюының алдын алу және Nazarbayev Universityде орныңызды қамтамасыз ету үшін өтінімді ертерек жіберіңіз!

2025, қараша 28

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53