2025-2026 академиялық жылға қабылдау үшін Назарбаев Университетінің «Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі» бағдарламасына онлайн өтінімдер ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Онлайн өтінім беру мерзімдері:
- Ерте тіркелу: 2025 жылғы 14 сәуір — 2025 жылғы 31 шілде. Тіркелу жарнасы — 10 000 теңге;
- Стандартты тіркелу: 2025 жылғы 1 тамыз — 2025 жылғы 16 қараша. Тіркелу жарнасы — 30 000 теңге;
- Кеш тіркелу: 2025 жылғы 17 қараша — 2026 жылғы 13 қаңтар. Тіркелу жарнасы — 40 000 теңге.
Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.
2. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
3. Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.
Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде төлеу қажет.
4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
- IELTS: NU, Admissions Department
- TOEFL: 6762
Келесі қадамдар:
Өтініміңіз жайлы ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің мәртебесін білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, emba.admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз: nu.edu.kz/admissions
Сәттілік тілейміз!