Бұл ақылы бағдарлама икемді оқу форматын ұсынады және технология мен білімнің көшінде болғысы келетін, бірақ толық жұмысбасты жандарға арналған таптырмас мүмкіндік! Оқу бағдарламасы туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.

ӨТІНІМ БЕРУ

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері — 2025 ж. 31 шілдеге дейін

IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі — 2025 ж. 1 тамыз

 

Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет: 

1. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.

2. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
3. Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.

Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде төлеу қажет. 

4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:

Келесі қадамдар: 

Өтініміңіз жайлы ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің мәртебесін білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда,  admissions.seds@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Сәттілік тілейміз!

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53