Құрметті үміткерлер,
Шетел азаматтары үшін Жоғары бiлiм беру мектебiнің, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің, Тау-кен және Жер туралы ғылымдар мектебінің, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің, Медицина мектебінің (Доктор медицина бағдарламасын қоса алғанда) және Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (Мемлекеттік басқару саласындағы магистрі (Онлайн) бағдарламасынан басқа) магистратура бағдарламаларына онлайн өтінім беру мерзімдерінің ұзартылғанын хабарлаймыз.
Жаңартылған өтінім беру мерзімдері:
Грантқа өтінім беретін халықаралық үміткерлер үшін:
- 3 наурыз 2025 жыл, 14:00 (Астана уақыты бойынша)
Толық оқу ақысын төлеуші үміткерлер үшін:
- Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: 27 наурыз 2025 жыл, 14:00 (Астана уақыты бойынша)
- Келгеннен кейін виза алу мүмкіндігі бар елдердің азаматтары үшін: 25 маусым 2025 жыл, 14:00 (Астана уақыты бойынша)
IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсыру мерзімдері:
Грантқа өтінім беретін халықаралық үміткерлер үшін:
- 4 наурыз 2025 жыл (қоса алғанда)
Толық оқу ақысын төлеуші үміткерлер үшін:
- Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: 31 наурыз 2025 жыл
- Келгеннен кейін виза алу мүмкіндігі бар елдердің азаматтары үшін: 26 маусым 2025 жыл
Қосымша сұрақтар бойынша Талапкерлерді қолдау орталығына info_admissions@nu.edu.kz электрондық пошта немесе +7 (7172) 64 25 84 және +7 (747) 094 02 30 нөмірлер арқылы хабарласуға болады.