Назарбаев Университетінің Медицина мектебі 2025-2026 академиялық жылға жаңа резидентура бағдарламаларына өтінім қабылдау бастағанын қуана хабарлаймыз. Заманауи, сапалы оқу ортасының бір бөлігі болуға және болашақ денсаулық сақтау мамандарының белсенді қауымдастығына қосылуға берегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! 

 

Онлайн өтінім резидентура бағдарламасының келесі бағыттары бойынша қабылданады:

 

Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі:

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін 2025 жылғы 29 маусым (14:00 Астана уақыты бойынша).

 

Тіркелу жарнасы: 15 000 теңге

 

Өтінім беру үшін үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет: 

  1. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.

  2. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.

  3. Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.

  4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.

Институт кодтары:

 

Маңызды: Тіркеу жарнасы қайтарылмайды және тек «My Application Forms» бөлімінде онлайн төленуі тиіс. Тіркеу жарнасын төлеудің басқа әдістері қабылданбайды. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.

 

Келесі қадамдар: Өтініміңіздің мәртебесі туралы ақпаратты Жеке кабинетіңіз және электрондық поштаңыз арқылы тексеріңіз.

Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, nusom@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз: nu.edu.kz/admissions

 

Сәттілік тілейміз!

 

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53