Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу барысында Адесида Илесанми оқушылардың болашақ мамандықты қалай таңдау керектігі туралы сұрағына, олардың жүректерінің қалауы бойынша және қызықтыратын бағытқа назар аударуға кеңес берді.
Бұл кездесу Атыраудың үш оқу орнын: химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін, APEC PetroTechnic жоғары колледжін және Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатын аралау аясында өтті. Адесида Илесанмиді НУ Президенті Кеңсесінің басшысы Арман Жұмажанов ертіп жүрді.
Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының жоғары сынып оқушыларымен кездесу барысында білім берудің қоғам мен жеке өсу үшін маңыздылығы, оның ішінде өмір бойы оқудың құндылығы, сондай-ақ кез келген табыстың міндетті құрамдас бөлігі ретіндегі еңбек туралы айтылды. НУ провосты оқушыларға Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеу қызметі туралы айтып берді.
Адесида Илесанми мен Арман Жұмажанов оқу орындарының қызметімен, оқушылардың жұмыстарымен танысып, мектеп басшылығымен кездесті. Кездесу барысында зертханаларға барып, оқушылардың химиялық тәжірибелерін көрді. Сапар соңында қонақтар Қазақ хандығының тарихи астанасы-ежелгі Сарайшық қаласын аралады.







