«Көрінбейтінді көру»: НУ-да гендерлік теңдік тақырыбы аясында пікірталас өтті

2022 жылғы 17 маусымда Назарбаев Университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қорының (ЮНФПА) қолдауымен «Nomad пікірсайыс клубы» студенттік клубының ұйымдастыруымен елордалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Көрінбейтінді көру » пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге елорданың төрт жоғары оқу орнынан 24 студент қатысты.

2022 жылғы 17 маусымда Назарбаев Университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қорының (ЮНФПА) қолдауымен «Nomad пікірсайыс клубы» студенттік клубының ұйымдастыруымен елордалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Көрінбейтінді көру » пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге елорданың төрт жоғары оқу орнынан 24 студент қатысты. Олар гендерлік теңдікті нығайту тетіктері, дәстүрлі әлеуметтік рөлдердің өзгеруі және мектептер мен университеттердің бағдарламаларына моральдық және жыныстық тәрбиені енгізу қажеттілігі туралы ой қозғады.

Іс-шара Қазақстандағы ЮНФПА өкілі және Түркіменстан мен Қырғызстандағы елдік директор Ронни Линдстром мырзаның, ЮНФПА-ның Қазақстандағы коммуникация жөніндегі офицері Жәмила Құсайынованың және Назарбаев Университетіндегі мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі кеңсенің үйлестірушісі Раушан Нұржубалинаның қатысуымен өтті.

Пікірталаста жеңісті Құзыретті судьялар анықтады. Турнирдің үздік спикері ретінде НУ студенті Арсен Әбілғазимов танылды. Финалға 3 команда шықты:»Қаз Күлтегін «(Әмірлан Қасымов, Айбике Жағыпарова),»Адастра»(Наурызбай Менлен, Алинур Бейсенбай),»Ой, я снова это сделал» (Дмитрий Беседин, Элина Амурлаева). Турнир жеңімпаздары болып Назерке Мухлисова мен Сәлима Ахмедиева атанды. Турнир жеңімпаздары, үздік спикер және финалистер БҰҰ-ның халық саны қорының бағалы сыйлықтарына ие болды.

«Жоспарланбаған жүктілік, гендерлік теңдік және гендерлік зорлық — зомбылық тақырыптары өте маңызды, сондықтан спикерлер бөлісетін қағидалар әрқайсымыздың нақты өмірдегі іс-әрекеттерімізге әсер етеді деп үміттенеміз», — деді турнир төрешісі Алтынай Заманбекова.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53