NU Медицина мектебінде АПВ-ға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша республикалық тренинг өтті

Тренингті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің басшылары, клиникалық мамандар мен мектеп медицинасы қызметінің жұмыскерлері қатысты.

Тренингті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің басшылары, клиникалық мамандар мен мектеп медицинасы қызметінің жұмыскерлері қатысты.

Тренингте АПВ мен жатыр мойны обырының таралуы, АПВ-ға қарсы вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі, сондай-ақ онкологиялық аурулардың, атап айтқанда, жатыр мойны обырының алдын алу стратегиялары туралы жаңартылған ақпаратты қамтитын оқу модульдері ұсынылды. АПВ-ға қарсы вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ақпараттың коммуникация әдістеріне Өңірлік мамандарды оқыту жүргізілді.Іс-шараға қатысушылар вакциналау саласындағы соңғы жетістіктерді талқылауға, сондай-ақ АПВ және онымен байланысты аурулардың таралуына қарсы күресте бірлескен тәсілдерді әзірлеуге бірегей мүмкіндік алды.

«Бүгінгі таңда иммундау еліміздіегі халық денсаулығын сақтау саласындағы ұлттық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізу адам папилломасы вирусымен ауыру деңгейін және онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады», — деп атап өтті ҚРДМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.

«Бұл тренинг АПВ және жатыр мойны обырына қарсы күресте денсаулық сақтаудың ұлттық стратегияларын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Медицина мамандары арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және білім қорымызды жаңарту арқылы біз салауатты болашақтың негізін қаладық. АПВ-мен байланысты ауруларға қарсы профилактикалық шара ретінде вакцинацияны кеңінен түсіну мен қабылдау үшін осы күш-жігерді жалғастыру өте маңызды», — деді Медицина жөніндегі вице-президент – NU Медицина мектебінің деканы профессор Массимо Пиньятелли.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53