NU түлектері Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлерінің құрылтайында бизнес тәжірибелерімен бөлісті

2023 жылғы 24 қарашада Астанада Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының қолдауымен бірінші «Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы-2023» өтті. Назарбаев Университеті түлектері арасындағы табысты әлеуметтік кәсіпкерліктің бір мысалы, Университет кампусындағы «Күнде» кафесінің негізін қалаушы Мәулен Ахметов болды.

2023 жылғы 24 қарашада Астанада Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының қолдауымен бірінші «Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы-2023» өтті.

Назарбаев Университеті түлектері арасындағы табысты әлеуметтік кәсіпкерліктің бір мысалы, Университет кампусындағы «Күнде» кафесінің негізін қалаушы Мәулен Ахметов болды. «Күнде» дәмді тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың жұмыс орны болып табылады. Өткен жылы Мәулен Әлеуметтік даму қорынан 5 миллион теңге грант алып, кәсібін кеңейтіп, одан әрі тұрақтылығын қамтамасыз етті. Мәулен Құрылтай қатысушыларымен өзінің табыс тарихымен, өзі насихаттайтын құндылықтары мен жобасының ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өміріне тигізетін әсерімен бөлісіп, олардың әлеуметтенуіне және белсенді өмір салтын ұстануға көмектесетінін білдірді.

Құрылтайға Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің Ассистент профессоры Анжан Гхош та белсенді қатысты. Ол өзінің зерттеу тәжірибесімен және әлеуметтік импакт туралы түсінігімен бөлісіп, сонымен қатар, Университет пен Әлеуметтік даму қорының әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы қызметін атап өтті.

Құрылтай барысында Әлеуметтік даму қорының грант иегерлері, соның ішінде ерекше балалардың ата-аналарына арналған «Ozim» мобильді қосымшасы және қазақстандық экологиялық таза тұрмыстық химия өнімдерін өндіру жобасы «Oiko» өз тәжірибелерімен бөлісті және әлеуметтік мәселелерді кәсіпкерлік арқылы шешудің инновациялық тәсілдері мен әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру механизмдері туралы айтып өтті.

Құрылтайға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан 200-ден астам әлеуметтік кәсіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкерлік жетекшілері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен азаматтық белсенділері жиналды.

Құрылтай Қазақстандық әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының (ASI) бастамасы болды, оның құрамына Қордың грант иегерлері – Әлия Сәбитова (Up&Go орталығын дамыту жобасы) және Гүлмира Пармышева (Кішкентай жобасы) кіреді. Бұл шара Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектері қоғамдастығын әлеуметтік кәсіпкерлікке, жұмыс орындарын және қолайлы экожүйелерді құруға тартудың маңыздылығы мен құндылығын көрсетті.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53