НУ оқытушылары мен студенттері әлемдік рекорд орнатуға ат салысты

Оқиға Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің съезі қарсаңында өтті. Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында халықаралық эстрадалық-симфониялық оркестр өнер көрсетті, оның құрамында 51 елдің 75 ұлтының өкілдері, олардың көпшілігі Назарбаев Университетінің оқытушылары мен студенттері болды.

Оқиға Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің съезі қарсаңында өтті. Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында халықаралық эстрадалық-симфониялық оркестр өнер көрсетті, оның құрамында 51 елдің 75 ұлтының өкілдері, олардың көпшілігі Назарбаев Университетінің оқытушылары мен студенттері болды.

Рекордты орнату әрекеті Назарбаев Университетінде алдын ала видеоға жазылды. Қатысушылар ресми түрде тіркеліп, оркестрдің өнері мен музыканттардың санын Гиннес рекордтар кітабының өкілдері тіркеді. Ресми өтінішті елорда әкімдігі берген.

Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында рекорд расталған күні көпұлтты оркестр қазақ әні Бәпіш «Қара жорға», Абай тақырыбындағы «Желсіз түнде жарық ай» фантазиясын, Александр Бородиннің «Князь Игорь» операсынан «Половец билерінің» үзіндісін G. Caccini (V. Vavilov) «Ave Maria», Vangelis «Conquest» әндерін орындады. Оркестрді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков басқарды.

Қазақстандық продюсер Дәуіт Шайхисламовтың бастамасымен қолға алынған «Әлем музыкасы» халықаралық жобасына қатысушылардың әрқайсысы Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификатқа ие болды.

«Бұл іс — шараға қатысу сіздің бейбітшілік, үйлесімділік пен өзара түсіністікті адам өмірінің берік қағидаттары ретінде қабылдағаныңызды және діндер, конфессиялар, ұлттар мен этникалық топтар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізуге ұмтылғаныңызды растайды», — делінген сертификатта.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба елімізде және одан тыс жерлерде ұлтаралық және конфессияаралық келісім идеяларын ілгерілетудегі Қазақстанның рөлін көрсетеді.

Назарбаев Университетінде 7 000-ға жуық студент, оның ішінде 30 елден келген 200 халықаралық студент бар екенін атап өткен жөн. олар түрлі көзқарастар тудырып, жергілікті студенттерге достық қарым-қатынастар мен халықаралық кәсіби байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді. 58 елден келген профессорлардың докторлық дәрежесі бар, олар ғылыми жұмыстарға белсенді қатысады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53