Nazarbayev University кітапханасы сіздерді Nazarbayev University Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Әлеуметтану және антропология кафедрасының ассистент-профессоры Снежанна Атанова және Оломоуцтағы Палацкий университетінің ғалымы Тереза Хейзларова бірлесіп жазған «Орталық Азияның тоқыма бұйымдары» кітабының тұсаукесеріне сіздерді қуана шақырады.
Кітап туралы: Бұл кітап Орталық Азияның бай тоқыма дәстүрлерін зерттей отырып, отырықшы және көшпелі өмір салтына арналған сәнді киімдер, кестелі кілмедер, икат маталары, ат әбзелдері мен көркем жиһаз үлгілерін ұсынады.
Невилл Кингстон коллекциясындағы бірегей туындыларды, соның ішінде бұған дейін жарияланбаған көптеген жәдігерлерді қамтитын бұл кітап тарихи Ұлы Жібек жолы бойында өмір сүрген қауымдардың мәдени мұрасы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қанық әрі мазмұнды шолу жасайды.
Автор туралы: Снежанна Атанова — Nazarbayev University Әлеуметтану және антропология кафедрасының ассистент-профессоры. Оның ғылыми зерттеулері Орталық Азияның материалдық мәдениетіне, ұлтшылдыққа және өңірдің мәдени тарихына бағытталған. Сонымен қатар тоқыма бұйымдары мен этнографиялық коллекцияларды зерттеу саласында арнайы сараптамасы бар.
Nazarbayev University-де ол Еуропа мұражайларындағы Орталық Азияның этнографиялық коллекциялары және Кеңестік кезеңдегі Орталық Азияның тоқыма бұйымдарына арналған ғылыми-зерттеу жобаларына жетекшілік етті.
Модератор: доктор Алимa Бисенова
Студенттерді, оқытушыларды және жалпы қоғам мүшелерін осы ерекше іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Сіздерді іс-шарада асыға күтеміз!
