Family Day

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Department of Student Services
Aida Zhakypbekova

Nazarbayev University Бағдарлау аптасы аясында ұйымдастырылатын Family Day іс-шарасына жаңадан қабылданған студенттердің ата-аналары мен отбасы мүшелерін шақырады.

Бұл іс-шара отбасыларға университет ортасымен танысуға, NU ұсынатын академиялық және студенттерді қолдау қызметтері туралы ақпарат алуға, сондай-ақ студенттердің қауіпсіз, қолайлы әрі қолдаушы ортада білім алатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қатысушылар:

  • кампустағы студенттік өмірмен танысады;
  • туденттердің білім алуына, тұруына және демалуына арналған инфрақұрылыммен танысады;
  • университет басшылығымен, оқытушылармен және студенттерді қолдау қызметтерінің өкілдерімен кездеседі;
  • студенттік қызметтер, қауіпсіздік және әл-ауқат мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алады;
  • өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, NU қауымдастығымен жақынырақ таныса алады.

Family Day — балаңыздың білім алып, өмір сүретін ортасымен танысып, оның табысты оқуына арналған мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алуға және Nazarbayev University қауымдастығының бір бөлігіне айналуға тамаша мүмкіндік.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53