NU жазғы мектебі оқушылардың ғылымға деген көзқарасын қалай өзгертті?

Ғылым туралы кітаптардан оқу мен нағыз университет зертханасында жұмыс істеп, зерттеу жобасын жүргізудің айырмашылығы жер мен көктей. Биыл Nazarbayev University-де алғаш рет өткен NU Summer Camp бағдарламасының қатысушылары дәл осындай бірегей тәжірибеге ие болды.

Жазғы мектеп 212 оқушының басын қосты. Қатысушылар географиясы елордамен ғана шектелген жоқ. Алматы мен Астана оқушыларының белсенділігі күтілгендей жоғары болғанымен, олардың қатарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар қосылды. NU зертханаларында батыс (Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал), солтүстік (Петропавл, Көкшетау), оңтүстік және шығыс өңірлердің оқушылары жұмыс істеді. Оған қоса, бағдарлама шетелдіктердің де қызығушылығын оятып, лагерьге қатысу үшін Ресей, Өзбекстан және Қытайдан арнайы келгендер болды.

NU Summer Camp — 14-18 жас аралығындағы оқушыларды университеттің академиялық ортасына толықтай енгізетін 10 күндік бағдарлама. Қатысушылар бес бағыттың бірін — Inside Science, Human Lab, Maker Lab, CyberMind немесе Success Track — таңдап, нағыз зерттеушілер, инженерлер мен дәрігерлердің жұмыс істеу дағдыларын меңгерді. Зертханадағы сабақтардан бөлек, бағдарлама аясында Бурабайға саяхат та ұйымдастырылды.

kz2 Ғылым туралы кітаптардан оқу мен нағыз университет зертханасында жұмыс істеп, зерттеу жобасын жүргізудің айырмашылығы жер мен көктей. Биыл Nazarbayev University-де алғаш рет өткен NU Summer Camp бағдарламасының қатысушылары дәл осындай бірегей тәжірибеге ие болды.
Ата-аналардың пікірлері

Әр лектің шарықтау шегі — жоба қорғау күні болды. Inside Science қатысушылары өздерінің шағын зерттеулерінің нәтижелерін көрсетті: бірі спектроскопия әдісімен заттың құрамын талдаса, екіншісі ДНҚ-электрофорезін жасады. Human Lab бағытындағы оқушылар бағдарлама барысында өздері жинаған тамыр соғысы, бұлшықет жұмысы және қозғалыс биомеханикасы деректеріне сүйеніп, жеке жаттығу жоспарларын ұсынды. Maker Lab командалары ағаш таяқшалардан жасалған көпірлерінің жүк көтеру қабілетін сынап жарысса, CyberMind қатысушылары өз қолдарымен құрастырып, бағдарламалаған роботтарын ортаға шығарды (сайыс қорытындысы бойынша ең мықты командаға сыйлық табысталды). Ал Success Track бағытының қорытындысы әдеттегідей жоба емес, оқушылар бүкіл бағдарлама бойы дайындаған оқуға түсуге қажетті құжаттар жиынтығы — эссе, түйіндеме (CV) және мотивациялық хат болды.

kz1 Ғылым туралы кітаптардан оқу мен нағыз университет зертханасында жұмыс істеп, зерттеу жобасын жүргізудің айырмашылығы жер мен көктей. Биыл Nazarbayev University-де алғаш рет өткен NU Summer Camp бағдарламасының қатысушылары дәл осындай бірегей тәжірибеге ие болды.
Ата-аналардың пікірлері

Осы 10 күн ішіндегі оң өзгерістерді ата-аналар да бірден байқады. «Лагерьден кейін баламның оқуға деген ынтасы артты. Мұндай өзгерісті біз, ата-аналар, сөзсіз-ақ көреміз», — деп жазды аналардың бірі. Тағы бірі былай деп қосты: «Олардың сабаққа берілгені соншалық, ата-анасына хат жазуға немесе қоңырау шалуға да мұршасы болмады. Бұл оларға өте қызық болғанын білдіреді».

Оқушылардың өздері материалдың күрделілігіне емес, онымен іс жүзінде жұмыс істеу мүмкіндігіне көбірек таңғалғандарын айтты. «Нағыз зертханада жұмыс істеп, шынайы зерттеу тәжірибесін алу ең құнды дүние болды. Бұл тәжірибе менің ғылымға деген нағыз қызығушылығымды оятты», — деп бөлісті оқушылардың бірі.

kz3 1 Ғылым туралы кітаптардан оқу мен нағыз университет зертханасында жұмыс істеп, зерттеу жобасын жүргізудің айырмашылығы жер мен көктей. Биыл Nazarbayev University-де алғаш рет өткен NU Summer Camp бағдарламасының қатысушылары дәл осындай бірегей тәжірибеге ие болды.
Ата-аналардың пікірлері

Бағдарлама қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға NU сертификаты табысталып, ұсыным хат (рекомендация) сұрау мүмкіндігі берілді — бұл көптеген жастар үшін университетке түсу жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53