Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары NU-ға келді

29 мамыр күні Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг (Ho Quoc Dung) бастаған делегация ғылым, технология және жоғары білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Nazarbayev University-ге келді. Вьетнамдық делегацияны университет басшылығы, соның ішінде NU президенті Вакар Ахмад қарсы алды.

Кездесу барысында тараптар NU мен Вьетнамның жетекші университеттері арасындағы серіктестікті дамыту мүмкіндіктерін, оның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулер, академиялық алмасулар және технологиялық ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Талқылауға Вьетнам үкіметінің өкілдері, атап айтқанда ғылым және технологиялар, индустрия және сауда, сыртқы істер вице-министрлері, сондай-ақ өзге де ресми тұлғалар қатысты.

NU президенті Вакар Ахмад қонақтарға университеттің қалыптасу тарихы, Орталық Азиядағы ғылым мен инновацияны дамытудағы рөлі, жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобалары және стратегиялық даму жоспарлары туралы айтып берді. Сонымен қатар ол Вьетнамның білім беру және ғылыми ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге университеттің дайын екенін жеткізді.

Делегация үшін университет кампусы мен зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Атап айтқанда, NU-да шамамен 11 жылдай жұмыс істейтін вьетнамдық профессор Тон До Дык (Ton Duc Do) Қуат және қозғалысты бақылау зертханасында өздерінің соңғы зерттеулері мен ғылыми әзірлемелерін таныстырды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53