Nazarbayev University Жоғары мемлекеттік саясат мектебі қауымдастықты доктор Андреа Аполлонионың қатысуымен өтетін «Жад саясаты, ЕО интеграциясы және кеңеюі: өткен зерттеулер мен болашақ перспективалар» атты зерттеу вебинарына қатысуға шақырады.
Вебинар барысында жад саясатының, саяси нарративтердің және символикалық легитимділіктің Еуропалық Одақтың интеграциясы мен кеңею үдерістерін қалыптастырудағы рөлі талқыланады. Қатысушылар еуропалық институттардағы еске алу саясатына қатысты заманауи зерттеулермен танысып, осы бағыттағы болашақ зерттеу перспективаларын талқылайды.
Доктор Андреа Аполлонионың зерттеу бағыты жад саясатына, саяси нарративтерге және Еуропалық Одақ пен Жапониядағы символикалық легитимділік мәселелеріне арналған. Ол Турин университеті, Флоренция университеті, Université libre de Bruxelles және Maastricht University сияқты бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Оның «Intra-institutional memory activism: a sociological investigation of the European Parliament’s politics of remembrance» атты мақаласы 2025 жылы Journal of Contemporary European Studies журналында жарияланған. Сонымен қатар, оның Politiche della memoria e narrazioni sulla storia nel Parlamento europeo: un’indagine sociologica атты PhD монографиясы 2025 жылғы Città di Firenze сыйлығымен марапатталып, 2026 жылы Firenze University Press баспасынан жарық көреді.
MS Teams Meeting ID: 444 921 739 030 49
Passcode: Gh34Sd7C
