Student Games League: NU студенттері грэпплинг турнирінің финалына шықты 

Nazarbayev University командасы Астанада өткен Student Games League студенттік спорттық турнирінің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Астана мен Көкшетаудың 8 университеті бақ сынады. Жарысты ұйымдастырушы SGL лигасы бұған дейін баскетбол турнирін сәтті өткізген болатын (онда NU құрамасы 16 жоғары оқу орны арасында 2-ші орынды иеленді). Ал қазір лига университетаралық грэпплингті белсенді дамытып жатыр. «5х5» форматындағы турнирдің бірегей ережелері спортшыларға джиу-джитсу, дзюдо, самбо, еркін және грек-рим күресі сияқты түрлі жекпе-жек әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

NU командасының құрамына 5 студент кірді:

  • Абдулазиз Халметов 
  • Нұрдәулет Сембай 
  • Дарын Бекетаев 
  • Алишер Қалиев 
  • Әлихан Смаилов 

NU Институционалдық зерттеулер жөніндегі директоры әрі бразилиялық джиу-джитсу (BJJ) бойынша команданың бас бапкері Мэтью Кортни спортшылардың жеңіс сырымен бөлісті:

«Біздің табысымыз – жарысқа дейін көптеген айлар бойы жасалған тұрақты әрі табанды жаттығулардың нәтижесі. Іріктеу кезеңінде жеңіске жету үшін біз ерекше әдістер мен инновациялық тәсілдерді сәтті қолдана білдік. Енді біз финал алдындағы дайындыққа және стратегиялық жақсартуларға баса назар аударып отырмыз. Біз осы турнирде NU намысын қорғауды мақтан тұтамыз және финалдық белдесулерді асыға күтеміз!»

«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған турнирдің финалдық кезеңі 2026 жылдың 25 сәуірінде өтеді. Командамызды құттықтаймыз және финалда чемпион атануына тілектеспіз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53