Nazarbayev University вице-президенті доктор Гүлмира Қанай британиялық Advance HE ұйымының Principal Fellow (жетекші сарапшы) мәртебесіне ие болды. Бұл ұйым әлем бойынша жоғары білім сапасын дамытуға бағытталған.
Advance HE кәсіби танудың төрт деңгейін тағайындайды: Associate Fellow (AFHEA), Fellow (FHEA), Senior Fellow (SFHEA) және Principal Fellow (PFHEA) — ең жоғары деңгей, осы мәртебеге доктор Қанай ие болды.
Гүлмира Қанайдың академиялық және басқарушылық қызметте мол тәжірибесі бар және Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қосқан. Nazarbayev University вице-президенті қызметіне тағайындалғанға дейін доктор Қанай төрт жыл бойы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін басқарған. Ол University of Cambridge-ден білім беру саласы бойынша PhD дәрежесін алған.
Бұған дейін дәл осындай Principal Fellow деңгейіндегі мәртебеге Nazarbayev University-дің академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі вице-провосты, Жоғары білім беру мектебінің деканы доктор Аида Сағынтаева ие болған. Сондай-ақ университеттің 14 оқытушысы Advance HE ұйымының Senior Fellow және Fellow кәсіби мәртебелерін алған.


