Заманауи кәсіби бағдарлау

Семинар Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау халықаралық қауымдастығымен бірлесе 18 қарашада өткізілді. Семинардың мақсаты - мектеп окушыларының кәсіптік бағдарлау сапасын арттыру, қазіргі трендтерді талқылау және осы бағыттағы мәселелерді шешу болып табылады.

Семинар Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау халықаралық қауымдастығымен бірлесе 18 қарашада өткізілді. Семинардың мақсаты — мектеп окушыларының кәсіптік бағдарлау сапасын арттыру, қазіргі трендтерді талқылау және осы бағыттағы мәселелерді шешу болып табылады.

2022 жылғы семинардың тақырыбы — “Заманауи кәсіби бағдарлау”. Семинар барысында қатысушылар еңбек нарығының үрдістері, кәсіби бағдарлаушының құзыреттері мен қажетті дағдылары, сонымен қатар кәсіби бағдарлау жұмысындағы қажетті және тиімді құралдар туралы көбірек біле алды.

Семинарға мектеп және білім басқармаларының қызметкерлері мен кәсіби бағдарлауға жауапты адамдары, сонымен қатар тәуелсіз кәсіби бағдарлаушылар шақырылды. Семинарға 400-ден астам қатысушы ниет білдіріп, солардың 260-ы қатыса алды. Қатысушылардың географиясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Мысалы, осы жылы семинардың қатысушылары Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Орал, Щучинск, Егіндікөл, Степногорск, Степняк, Теміртау, Ақкөл, Атбасар, Шахтинск қалалары, Жаңа Бұқтырма , Чкалово, Біржан сал, Қызылүйім, Андықожа Петропавловск, Уральск, Щучинск, Егиндыколь, Степногорск, Степняк, Темиртау, Акколь, Атбасар, Шахтинск, п. Новая Бухтарма, с. Чкалово, Биржан сал, Кызылуюм, Андыкожа батыр ауылдарынан және де тағы басқа елді мекендерден келді.

Семинардың спикерлері кәсіби бағдарлаушы, сценарист- актриса Альмира Тұрсын, Қазақстандағы HeadHunter компаниясының өкілі Рахима Махмудова, QS аймақтық директоры Әсем Сапанова, ICU сертификатталған жаттықтырушы Айя Шайхина сияқты тағы басқа білім саласындағы кәсіби мамандар болды.

Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау халықаралық қауымдастығы 2020 жылдан бастап елімізде кәсіптік бағдар беруді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қауымдастықтың басты жетістігі – Қазақстанның барлық мектептерінде кәсіптік бағдар беру бойынша кеңесші қызметін енгізу болып табылады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53