Сонымен қатар, 24 талапкер (2012 жылы 28 үміткер болатын) Назарбаев Университетіне басқа жоғары оқу орындарынан ауысуға ниет білдірді. Олардың ішінде – 17 қазақстандық университеттің студенттері және 7 шетелдік оқу орындарының студенттері, сондай-ақ A-level (жоғары оқу орында оқуға халықаралық дайындық бағдарлама) сертификатының 4 иегері. Үміткерлер өз білімін дайындық деңгейіне және университеттің әр мектебіндегі бос орындарға сәйкес, Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларының 1 немесе 2 курсында оқуларын жалғастыра алады. Бүгін Назарбаев Университетінде 1 500-ге жуық студенттер оқиды. Бакалавриат бағдарламалары бүгін Назарбаев Университетінің үш мектебінде: Инженерия мектебінде, Ғылым және технологиялар мектебінде, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде ұсынылады. Былтыр Назарбаев Университеті 29 студентті оқуға тікелей қабылдап, оның ішінде екі студент Алматы мен Петропавл қалаларындағы жоғары оқу орындарынан ауысты.
Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті: 010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115 +7(7172)706087, 706089, 706191, 706618 pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz








