2022 жылдың 24 қазанында Назарбаев Университетінде «Мета-Жібек жолын құру: нақты және виртуалды әлемде азиялық мәдениеттердің интеграциясы» тақырыбында Азия университеттері альянсының (AUA) Халықаралық жастар форумы басталды. Назарбаев Университеті Альянс мүшелері яғни Азияның сегіз университетінің студенттерін қабылдайды.
Форумға барлығы 40-қа жуық студент қатысады, оның ішінде НУ студенттері және Токио университеті, Чулалонгкорн университеті, Үнді технологиялық институты, Біріккен Араб Әмірліктерінің университеті, Гонконг ғылым және технология университеті, Сеул ұлттық университеті, Малая университеті және Коломбо университетінің өкілдері. Олар шеберлік сабақтары мен семинарларға қатысып, Бурабай шипажайына барып, елорданың көрікті жерлерін аралайды.
Форумның ашылуында НУ президенті Шигео Катсу мен НУ провосты Илесанми Адесида құттықтау сөз сөйлейді. НУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Лоретта О’Доннелл ханым «Мұра және Жібек жолы» тақырыбында, ал Жаһандық байланыстар офисының басшысы Әлия Қаймолдинова «Интернационализация» тақырыбында баяндама жасайды.
НУ президенті Шигео Катсу цифрлық технологиялардың өсіп келе жатқан рөлі мен Жібек жолы елдері арасындағы тарихи байланысты айта отырып, адамдар арасындағы коммуникацияның маңыздылығына және мәдени алмасудың құндылығына тоқталды.
«Негізгі тақырып — адамзат тәуекелге бара алатын шыңға жетті. Біз өз дамуымызда жақсы да, жаман да көптеген жетістіктерге жеттік. Жақсы жағы – біз технологияларды дамытып, денсаулықты нығайтып, өмір сүру ұзақтығын арттыра алдық, бұл өркендеуге апарады, ал теріс жағы – өзімізді жоюдың барлық тетіктерін әзірледік. Ең жақсы мысал — қазір біздің көз алдымызда болып жатқан нәрсе. Мысалы, жаһандық жылыну адам қызметінің ең жағымсыз нәтижелерінің бірі болып табылады. 2010 және 2020 жылдардағы ұрпақтар шешімін тауып, онымен бірге өмір сүріп, әлемді өзгертуге тырысуы керек, бірақ оны тек бірге жасай алады. Олар біздің әлеміміздің негізін сала алады деп үміттенемін», — деді Катсу мырза.
Жастар форумы жыл сайын AUA–ның жыл тұжырымдамасына сәйкес белгілі бір тақырыпқа назар аударады. Биыл жасанды интеллект, деректер ғылымы, азиялық өркениет және қоршаған ортаның болашағына қатысты мәселелерге назар аударылады.
«Біз AUA жанұясындағы бауырлас институттардың студенттерін Мета-Жібек жолы форумының мүшелері ретінде қарсы алуға қуаныштымыз. Жасанды интеллект пен интеллектуалды жүйелер өмірдің инфрақұрылымына айналды. Форумда олардың бизнес, қаржы салаларымен, қоршаған ортамен қиылысуын және олардың ежелгі Жібек жолының жүрегіндегі мәдениетке әсер ету зерттейді», — деді университет Провосты Илесанми Адесида.
Бүгін Университеттің «Рухани жаңғыру» Мәдени орталығы ұлттық өнер бойынша шеберлік сыныбын ұсынады. Студенттер қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты. Барлығы бірге «Қара жорға» биін билеп, домбырашылардың өнерін тамашалады.
Мемлекеттік саясат маманданып жүрген Үндістан технологиялық институтының студенті Сачар Бакшееш форум тақырыбына қатысты өз ойымен бөлісті: «Мен Мета Жібек жолы интеграциясы туралы, сондай-ақ виртуалды және нақты әлемдер қалай тоғысуы мүмкін екендігі туралы көбірек білуді асыға күтемін. Қазақстанның орналасқан жері Жібек жолы идеясы үшін және әртүрлі қажеттіліктер үшін мәдениеттердің барлығын біріктіру үшін стратегиялық тұрғыдан өте маңызды», — деді ол.
Жастар форумы бағдарламасы шеңберінде НУ-нің профессорлары шеберлік сабақтарын өткізеді. Тақырыптар: «AI зерттеулері, AR/XR/VR, деректер ғылымы және компьютерлік графика», «Қоршаған ортаның денсаулығындағы АИ», «Киберқауіпсіздік және блокчейн», «Деректер – бұл жаңа мұнай, деректер талдауына негізделген Alibaba-ның миллиардтаған долларлық бизнес үлгісі», «Жібек жолы мұрасын сақтау: қиындықтар мен шешімдер».
Назарбаев Университеті 2017 жылы Цинхуа университетінің бастамасымен құрылған Азия университеттері альянсындағы Орталық Азия өңіріндегі тұңғыш әрі әзірге жалғыз өкілі болып табылады. AUA миссиясы — серіктес университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы аймақтық және жаһандық мәселелерді, әсіресе жоғары білім мен экономикалық, ғылыми және технологиялық дамуға қатысты мәселелерді бірлесіп шешу.







