Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі (ЕАКТ) 2024

НУ Кітапханасы Қазақстан Республикасының университет кітапханалары қауымдастығымен бірлесе отырып, кітапхана қызметкерлері мен ақпараттық ғылым мамандарын Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі (ЕАКТ) қатысуға шақырады. Еуразиялық кітапханалық тренинг Кітапханалық технологиялар мектебінің (КТМ) жетілдірілген және кеңейтілген бағдарламасы болып табылады. Тренинг кітапхана қызметі саласындағы мамандардың білімі мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Жаңа инновациялық бағдарлама ҚР академиялық кітапханалары қызметкерлерінің ақпараттық және кәсіби қажеттіліктерін қамтиды.

Тақырып: Біліктілікті арттыру және кәсіби дамыту арқылы кітапханалардың ықпалын нығайту. Оқыту бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтиды:

  • Жасанды интеллектпен жұмыс істеу сауаттылығы;
  • Оқу мен оқытуды қолдау бойынша кітапханалық қызметтерді дамыту;
  • Университеттің ғылыми және білім беру қызметін ақпараттық-кітапханалық қолдауды жетілдіру;
  • Білім мен тәжірибе алмасу дағдыларын дамыту.

Тренинг туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушының тіркеу формасы НУ Кітапханасының сайтында қолжетімді.

Кітапханалардың ықпалын бірге арттырайық! Сіздерді асыға күтеміз!

#EALT2024

Байланыс ақпараты:
library@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53