CARCEIT семинары — Қазақстандағы Академиялық Кәсіптің Өзгеруі

Сіздерді алдағы «Қазақстандағы академиялық кәсіптің өзгеруі: жоғары білімнің постсоциалистік контекстіндегі оқытушылардың ғылыми перформативтілігі мен есептілігін зерттеу» атты гранттық зерттеу жобасының (CARCEIT Education Impact) семинарына шақырамыз. Зерттеу барысында Семей, Петропавл және Көкшетау қалаларындағы төрт өңірлік мемлекеттік университет оқытушыларының неолибералдық реформаларға және олардың ғылыми қызмет пен кәсіби есептілікке ықпалына қалай бейімделіп жатқаны қарастырылады.

Жоба туралы толығырақ ақпаратты біздің сайттан оқи аласыз.

Егер семинарға офлайн қатыса алмасаңыз, онлайн қосылуға мүмкіндік бар. Zoom сілтемесі іс-шараның алдында жіберіледі.

Алдын ала тіркелуді ұмытпаңыз.

Күні: 2024 жылғы 5 желтоқсан
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, C3 блогы, 2002 аудитория

Сіздерді семинарда күтеміз!

Байланыс ақпараты:
carceit@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53